АХҚО – бұл Орталық Азия елдері, Кавказ республикалары, Еуразиялық экономикалық одақ, Таяу Шығыс елдері, Батыс Қытай аумағы, Моңғолия мен Еуропа елдеріне арналған қаржылық хаб. АХҚО «ЭКСПО-2017» аумағында орналасатын және қазіргі заманғы инфрақұрылымдар мен озық технологияларды пайдаланатын болады.
Бейнероликті көру
Мен «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы Жарлыққа қол қойдым. Ол жеңілдетілген салық режімі және тәуелсіз қаржылық сотымен ағылшын құқығы қағидаттарына сәйкес құрылатын болады. Біз «Астана» қаржы орталығы Қазақстанның қаржы инфрақұрылымының ядросы, содан кейін бүкіл Орталық Азия өңірі үшін қаржылық хабқа айналатындығына сенімдіміз.
— Н. Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
Мен «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы Жарлыққа қол қойдым. Ол жеңілдетілген салық режімі және тәуелсіз қаржылық сотымен ағылшын құқығы қағидаттарына сәйкес құрылатын болады. Біз «Астана» қаржы орталығы Қазақстанның қаржы инфрақұрылымының ядросы, содан кейін бүкіл Орталық Азия өңірі үшін қаржылық хабқа айналатындығына сенімдіміз.
Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті
АХҚО аумағында АХҚО қатысушылары мен мүдделі тұлғалардың қаржы нарығын дамытуға бағытталған өзара қарым-қатынастарын реттейтін Жалпы құқық базасына негізделген ерекше құқықтық режім қолданылады.
Қызмет бағыттары

АХҚО қызметінің негізгі бағыттары – капитал нарығын дамыту, активтерді басқару, дәулетті жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару, исламдық қаржы, жаңа қаржы технологиялары.
01     Капитал нарығы

АХҚО-ның капитал нарығын дамытуы маңызды стратегиялық бағыттардың бірі болып табылады, оның сәтті іске асырылуы Орталық үшін зор мәнге ие.

Негізгі міндет – өтімді және теңгерімді капитал нарығын дамыту. АХҚО аумағында әлемнің көшбасшы биржаларының қатарынан болатын стратегиялық серіктеспен бірлесіп, үздік халықаралық практика қағидаттарына негізделген жаңа жоғары технологиялық биржа алаңы құрылатын болады.

02     Активтерді басқару

Астана» халықаралық қаржы орталығы тек Қазақстанда ғана емес, сонымен де тұтас өңірде активтер мен капиталдарды басқару нарығын дамытуға ықпал етеді. Астананың қазіргі күннің өзінде өңірлік қаржы орталығын қалыптастыруға ықпал ететін нақты артықшылықтары бар. Бұл артықшылықтарға басқаруға қол жетімді ақша қаражатының айтарлықтай көлемінің, қолайлы салық климатының болуы, экономикалық және саяси тұрақтылық жатады. Активтерді басқару жөніндегі жетекші әлемдік компаниялар орталыққа тартылып жатыр, осылайша толыққанды қаржы орталығын қалыптастыру үшін қажетті тиісті қаржы инфрақұрылымы жасалуда.

03     Исламдық қаржы

Исламдық қаржыландыру нарығын дамыту АХҚО-ны дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Негізгі міндет – исламдық қаржыландыру субъектілерінің жұмыс істеуі мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасайтын АХҚО-ны исламдық қаржыландырудың өңірлік хабы ретінде қалыптастыру.

04     Қаржы технологиялары

Жаңа қаржы технологияларын дамыту АХҚО қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі заманғы инфрақұрылым, икемді реттеу және стратегиялық инвесторларды тартуды қоса FinTech жобаларды әзірлеу мен дамыту үшін ең қолайлы жағдайларды жасау негізгі міндет болып табылады.

05     Жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару

Орталық Азия мен ЕАЭҚ елдерінің дәулетті азаматтары айтарлықтай көлемде жиналған байлыққа ие;

бай және дәулетті клиенттер өздерінің өтімді активтерін негізінен депозиттерге салады немесе жергілікті нарықтағы инвестициялық шешімдер санының шектеулі болуына байланысты шетелдік банктердің қызметтерін пайдаланады.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы активтерді басқару нарығын дамытумен қоса Private Banking секторын да дамытуды қолдайды. Қаржы орталығы өңірдегі дәулетті клиенттерге мүмкіндіктер ұсынады және Private Banking бизнесімен айналысатын халықаралық компанияларға Орталық аумағында толыққанды қызмет көрсетуді ұсынады.

06     Жасыл қаржы

«Жасыл» қаржы – бұл «жасыл» экономика мен тұрақты дамуға өтудің ынталандырушысы болып табылатын қаржы индустриясы әлеміндегі жаңа және қарқынды дамып келе жатқан тренд. «Жасыл» өнімдер мен қаржыландыру қызметтері экологиялық факторларды ескереді, экологиялық жауапты инвестицияларға қолдау көрсетеді және аз көміртекті технологияларды, жобаларды, индустрия мен бизнесті дамытуды ынталандырады.

Артықшылықтары
Орналасқан жері


АХҚО Астананың іскери орталығының дәл жүрегінде орналасқан, оның жан-жағын саябақтар, сауда орталықтары, элиталық тұрғын-үй кешендері және Назарбаев Университеті қоршаған, сондай-ақ Астана халықаралық әуежайынан небәрі 11 шақырым жерде орналасқан.

Көліктік қолжетімділік

Шетелдік тасымалдаушылар үшін «ашық аспан» қағидаты бойынша Астана әуежайына әуе тасымалдарының шарттарын кезең-кезеңімен ырықтандыру арқылы Астана қаласы мен жетекші халықаралық қаржы орталықтарының арасындағы тікелей әуе қатынасы болады.
«ЭКСПО-2017» басталатын сәтке қарай Астана қаласының халықаралық әуежайында жаңа жолаушылар терминалын салу жоспарланған.

Әуежайдың жолаушыларды қабылдау мүмкіндігі жылына 3-тен 7 млн. жолаушыға дейін артады. «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес «Эйр Астана» ұлттық әуетасымалдаушы алдағы уақытта Нью-Йорк, Токио мен Сингапур қалаларына жаңа тікелей рейстер қосуды жоспарлап отыр.

«ЭКСПО-2017» басталатын сәтке қарай Астана қаласының халықаралық әуежайында жаңа жолаушылар терминалын салу жоспарланған.
Әуежайдың жолаушыларды қабылдау мүмкіндігі жылына 3-тен 7 млн. жолаушыға дейін артады. «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес «Эйр Астана» ұлттық әуетасымалдаушы алдағы уақытта Нью-Йорк, Токио мен Сингапур қалаларына жаңа тікелей рейстер қосуды жоспарлап отыр.
Басшылық
Қайрат Нематұлы Келімбетов
АХҚО-ның Басқарушысы

Қайрат Келімбетов 1969 жылы Алматы қаласында туған.

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттiк басқару мектебiнде (ҰЖМБМ) және Джорджтаун университетінде (АҚШ) білім алған.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық кеңесте, ҚР Президент Әкімшілігінде қызмет істеген, ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігін басқарған, ҚР Бірінші қаржы вице-министрі қызметін атқарған.

2002-2006 жылдар аралығында Қазақстанның Экономика және бюджетті жоспарлау министрі болды. 2006 жылы мемлекеттік «Қазына» орнықты даму қорын (даму институттарын) басқарды.

2008 жылы қаңтар айында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

2008 жылдың қазан айы мен 2011 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (барлық мемлекеттік активтерді біріктірген қор) басқарды. 2011 жылдың сәуір айында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі болып тағайындалды.

2012 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, макроэкономика, бюджеттік саясат, мемлекеттік активтер мен қаржы секторын басқару, салық және кедендік саясат мәселелеріне жетекшілік етті, сондай-ақ Еуразиялық Экономикалық Комиссияның Кеңесінің Қазақстан Республикасы тарапынан Төрағасы болды.

2013 жылдың 1-қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы болып тағайындалды.

2015 жылдың 24-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы лауазымына тағайындалды.

Құсайынов Нұрлан
«Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ Басқарма Төрағасы

1976 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және Стенфорд бизнес мектебін (АҚШ) бітірген.

Еңбек жолын 1996 «Жезқазғантүстіметалл» АҚ-да экономист болып бастаған, кейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау агенттігіне ауысқан, содан кейін «Қазақстан даму банкі» АҚ Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2002 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі, Женава қ. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері бойынша ҚР Индустрия және сауда министрлігі Арнайы тобының жетекшісі болды.

2004 жылғы мамыр айында «Маркетингтік-аналитикалық зерттеулер орталығы» АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды, мұнда жетекші халықаралық консультанттармен бірлесіп мемлекеттік басқару саласында аналитикалық зерттеулер жүргізді және Үкіметке арналған бағдарламалық құжаттарды әзірледі.

2007 жылдың қаңтар айынан бастап «CNRG Capital» ЖШС инвестициялық компаниясында директор болып қызмет атқарды.

2009 жылғы маусымнан мөлшері 500 млн. АҚШ доллары болатын Al Falah Partners тікелей инвестициялар қорында Басқарушы серіктес лауазымын атқарды.

2010 жылғы қыркүйекте «Қазақстан даму банкі» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары, кейіннен Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

2014 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2016 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің №44 бұйрығымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі Директорлар кеңесінің мүшесі, ал 2016 жылғы 15 ақпанда Директорлар кеңесінің шешімімен «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі Басқармасының Төрағасы болып сайланды.

Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Әйтенов Марат Дүйсенбекұлы
«Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары

Марат Әйтенов мырза «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары және бас заңгер бөлімшесінің басшысы болып келеді. Ол Қазақстан Даму Банкінде де осындай лауазымдар атқарған болатын. Әйтенов мырза сондай-ақ Қазақстанның ірі ұлттық іскери мекемелерінде, атап айтқанда «Самұрық-Қазына» және Экономикалық зерттеу институтында жұмыс істеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде қызмет атқарған.

Қаржы заңнама ісі мен банк құқығы саласында LL.M (Бостон университеті), басқару және экономика саласының магистрі дәрежесін (ММУ), құқық саласының бакалавры дәрежесін («Мирас» университеті) иеленген

Бауржан Бектемиров

Baur Bektemirov provides direction to the center’s overall development strategy and economic research agenda, advises the Governor on economic issues, and oversees the promotion of financial technologies in the region.

Having previously held managing positions at the Research Department of the National Bank of Kazakhstan and the government’s Economic Research Institute, Baur is interested in macroeconomic analysis, economic modeling, public policy analysis, and international development. He was involved in setting up the transition to a new monetary policy regime at the National Bank of Kazakhstan and participated in designing long-term development strategy for Kazakhstan’s sovereign wealth fund. Bektemirov’s academic interests include political economy of privatization and contract theory.

Mr. Bektemirov holds a B.A. in Mathematics from Harvard College and a Master’s of Public Policy from the University of Chicago Harris School of Public Policy.

Саясат Нурбек

Sayasat NURBEK was born in 1981. Graduated from Marshalltown College (USA), political science, Gumilyov Eurasian National University, international law, University La Sapienza (Italy), M.A. in Geopolitics and “Kokshe” Academy, B.A.in Psychology. Held internships and training courses in public administration and public policy, HR management, management of technology in the USA, Singapore, Belgium, Japan, the Netherlands.

In 2000-2001 worked as assistant to Congressman Mark Smith (USA) and was employed by the Government of the State of Iowa (USA). In 2006-2009 worked in the investment projects of JSC “Sustainable Development Fund Kazyna”, Head of the HR Policy Division of the Administration of the President of Kazakhstan, Vice-Rector of the Academy of Public Administration under the President of Kazakhstan, Executive Director and Department Director of HR policy of JSC “National Welfare Fund Samruk-Kazyna”. In September 2009 appointed as Director of the National School of Public Policy under the President of the Republic of Kazakhstan.President of the JSC “Center for International Programs” between 2010-2013. In September 2013 was appointed as Director of the Institute of Public Policy – think tank affiliated with ruling Nur Otan Party. Served as Almaty city Internal Policy Department Director between 2015-2016.

In July 2016 Sayasat Nurbek was assigned as Managing Director and Member of the board Management Board of Astana International Financial Center Authority.

Speaks Kazakh, Russian, English, Turkish, Italian, Spanish, Japanese and Latin. Married with three children.

Temirlan Mukhanbetzhanov

Temirlan Mukhanbetzhanov leads AIFC efforts in developing asset management and private banking markets within AIFC.

Previously, Temirlan used to be the Deputy CEO of National Investment Corporation, an investment arm of Kazakhstan’s Central Bank managing its alternative investments portfolio. Prior to that, he worked at Al Falah Capital Partners, a private equity firm managing $500mn Kazakhstan focused PE fund backed by LPs from UAE and Kazakhstan. Earlier, Temirlan had advisory roles at Sovereign Wealth Fund “Samruk-Kazyna”, Ministry of Economic Development and Trade and Government of Kazakhstan.

Temirlan earned his undergraduate degree from Kazakhstan Institute of Management, Economics and Strategic Research (KIMEP) and completed his master degree in Finance and Investment at University of Edinburgh. Temirlan has passed all three levels of CFA exam.

Қайрат Нематұлы Келімбетов
АХҚО-ның Басқарушысы
Құсайынов Нұрлан
«Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ Басқарма Төрағасы
Әйтенов Марат Дүйсенбекұлы
«Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары

АХҚО-ны басқару жөніндегі кеңес

АХҚО-ның жоғары органы болып табылады; дамудың негізгі бағыттарын айқындайды; органдардың қызметін үйлестіреді; қаржылық қызметтер көрсететін жетекші қаржы орталығын қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасауға жәрдемдеседі.

АХҚО комитеті Кеңес айқындаған тәртіппен:

1) қаржылық қызметтер көрсетуді реттеуге және АХҚО-дағы олармен байланысты қызметке қатысты Кеңес қаулыларының жобаларын әзірлейді, оларды жария талқылауға шығарады және қабылдау үшін Кеңеске ұсынады;

2) қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу саласына және АХҚО-дағы олармен байланысты қызметке қатысты мәселелер бойынша реттеу ережелері түрінде актілерді қабылдайды;

3) АХҚО аумағында бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналыста болу, сатып алу және өтеу тәртібін белгілейді;

4) АХҚО қатысушыларын тіркеуді, аккредиттеуді және лицензиялауды жүзеге асырады;

5) АХҚО қатысушыларының тізілімін жүргізеді;

6) АХҚО қатысушыларының қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады, оларға қатысты шаралар қолданады;

7) Кеңес қаулыларында айқындалатын өзге де өкілеттіктері болады.

АХҚО комитеті Конституциялық заңмен және қабылданатын заңнамамен берілген өз өкілеттіктері шегінде АХҚО-ның басқа органдарынан, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан тәуелсіз және АХҚО-ны басқару жөніндегі кеңес пен АХҚО-ның Басқарушысына есеп береді.

АХҚО әкімшілігі

«АХҚО әкімшілігі» АҚ 2015 жылғы 28 желтоқсанда құрылды. «АХҚО әкімшілігі» АҚ-ның құрылтайшысы және жалғыз акционері ҚР Ұлттық Банкі болып табылады, оның акциялары ҚР Қаржы министрлігіне сенімгерлікпен басқаруға берілген. Қызметінің негізгі бағыттары: дамудың жалпы стратегиясын әзірлеу; жахандық нарықта алға жылжыту; Әлеуетті қатысушыларды тарту; АХҚО-ны басқаруға қажы орталықтарында жұмыс тәжірибесі бар шетелдік мамандарды тарту.

АХҚО-ның соты

Халықаралық деңгейдегі судьялардың қатысуымен ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген тәуелсіз юрисдикция. АХҚО соты қазақстандық сот жүйесінен оқшауланған және мынадай:

•АХҚО қатысушыларының, Орталық органдарының және (немесе) олардың қызметкерлері арасында туындайтын;

•Орталықта жүзеге асырылған және Орталықтың құқығына бағынысты кез келген операцияға қатысты;

•тараптардың келісімі бойынша Орталықтың сотына берілген дауларды қарастыруға уәкілетті.

Халықаралық төрелік орталығы

Халықаралық төрелік орталығы тараптар арасында төрелік келісім болған жағдайда дауларды қарайды.

Кеңестің «Халықаралық төрелік орталығы туралы» қаулысына сәйкес қалыптастырылады және жұмыс істейді.

Жүктеу

«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы»

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V

«Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағының шекарасын айқындау туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 161 Жарлығы

«Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 160 Жарлығы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы»

және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы

Бізбен байланыс

Толтырылуы міндетті жол

Пожалуйста введите коректный адрес почты

Пожалуйста введите имя

Пожалуйста введите номер телефона

Пожалуйста введите текст.

Спасибо!
Тел: +771 72 61 36 23
Факс: +771 72 61 36 62
E-mail: info@aifc.kz
Қазақстан Республикасы, Астана, Мәңгілік Ел даңғылы, 55.