Баспасөз үшін

04/09/2017

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) «АХҚО-ның жасыл қаржы саласы бойынша аймақтық көшбасшылығын қамтамасыз ету» Стратегиясы атты конференция өткізді

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) «АХҚО-ның жасыл қаржы саласы бойынша аймақтық көшбасшылығын қамтамасыз ету» Стратегиясы атты конференция өткізді

4 қыркүйек 2017 ж.                                                            Астана қ. 

 «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) «АХҚО-ның жасыл қаржы саласы бойынша аймақтық көшбасшылығын қамтамасыз ету» Стратегиясы атты конференция өткізіп, Қазақстанның жасыл қаржы жүйесі дамуының Концепциясын ұсынды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) көміртек қостотығының шығарылуы квотасымен сауда бойынша нарықты дамыту бағдарламасының жетекшісі Ян – Виллем ван де Вен конференцияны ашты.

Жасыл қаржы жүйесі дамуы Концепциясын дайындау бойынша жұмыс тобының жетекшісі Катуллус Хельмер, жобаның сарапшылары Кристиан Брюнинг пен Льюис Редшоу конференцияның спикерлері болды.

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов, АХҚО жасыл қаржыны өз даму бағытындағы негізгі стратегиялық бағыт ретінде айқындап, елдегі жасыл тауарлар мен қаржыландыру қызметтерін дамыту бойынша негізгі жағдайларды жасайтынын айтты.

«АХҚО ЕҚҚДБ-мен бірге Қазақстанның жасыл қаржы жүйесінің дамуы бойынша Концепцияны дайындады. Ол өз кезегінде маңызды әлеуметтік-экологиялық жобаларды жүзеге асыратын жасыл облигацияларды шағаруды көздейді»,-деді ол.

ЕҚҚДБ көміртек қостотығының шығарылуы квотасымен сауда бойынша нарықты дамыту бағдарламасының жетекшісі Ян – Виллем ван де Вен Қазақстанның осы Концепцияны қабылдауы - елдегі жасыл қаржының дамытуды қолдайтынын көрсетеді. ЕҚҚДБ әлемдегі жасыл жобалар мен технологияларды қолдау бойынша аса ірі қатысушы, сондықтан, Қазақстанның жасыл экономикасындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталған жаңа қаржылық құралдарды дамытуға қолғабыс береді»,-деді ол.

         Конференцияның модераторы, Концепцияны дайындау бойынша жұмыс тобының жетекшісі Катуллус Хельмердің айтуынша, елдің орнықты дамуындағы маңызды құралдардың бірі жасыл экономика, ал осы бағыттағы негізгі драйвер АХҚО болуы тиіс.

АХҚО Басқарушы директоры Айдар Қазыбаев осы бағыттағы жұмыстың үзіліссіз жүріп жатқанына тоқталды. «Біз Қазақстандағы жасыл қаржы бойынша Концепцияны енді ғана аяқтағанымызға қарамастан, «АХҚО-ның жасыл қаржы саласы бойынша аймақтық көшбасшылығын қамтамасыз ету» Стратегиясын дайындаудағы негізгі тәсілдерді ұсынып отырмыз»,-деді.

Конференцияға қатысқан халықаралық сарапшылар, Қазақстанның жасыл экономикасына ғаламдық инвесторлардың қызығушылығының жоғары екеніне назар аударды және осы саладағы инвестиция мен қызмет түрлерін жандандыруға қажетті кеңестерін берді. Олар Қазақстан аумағындағы жауапкершілігі мол инвестицияның орталығы болуға деген АХҚО-ның маңызды рөліне жоғары баға берді.

АХҚО «жасыл қаржы» тақырыбы бойынша арнайы алаңқай құруда аса белсенді жұмыс істеп отыр.

2016 жылы желтоқсан айында іске қосылған арнайы мамандандырылған www.greenfinance.kz веб-сайты дискуссиялық платформаға айналмақ, онда елдегі жасыл қаржыға қатысты барлық жәйттер қарастырылмақ. Сайт сонымен қатар, жергілікті және шетелдік стейкхолдерлер үшін коммуникациялық алаң қызметін атқармақ.

         Ақпарат үшін:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

            ЕҚҚДБ. Еуропа қайта құру және жаму банкі 1991 жылы құрылған. ЕҚҚДБ инвестициялары экономиканың өсімі мен инновацияның дамуына көмектесу арқылы елдерге нарықтық экономикаға көшуге көмектеседі. ЕҚҚДБ банктерге экономиканың салалары мен жаңадан құрылған және бұрыннан істеп келе жатқан кәсіпорындарға арнайы жобалық қаржыландыру бөледі.