Баспасөз үшін

14/09/2017

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен ҚР Бас Прокуратурасы Ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов және Англия мен Уэльс Сотының экс Бас-өрағасы Лорд Гарри Кеннет Вульф Бас Прокуратура мен АХҚО арасындағы Ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Тараптар, құжаттың АХҚО-ның жаңадан құрылатын Соты мен ҚР Бас прокуратурасы арасындағы заң құзыретін қамтамасыз ету жолындағы бірлескен шешімдерді жүзеге асыру үшін тиімді ынтымақтастықты орнатуға әсер ететінін айтты.

Меморандум, сонымен қатар, АХҚО сотының құрылуы кезіндегі механизмдерді жетілдіруді көздейді. Бұған қоса, тренингтер, семинарлар, конференциялар және өзге де білім, ағарту, ғылыми-зерттеу шараларын бірлесіп өткізу жоспарланып отыр.

 

 

Ақпарат үшін:

 

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

 

                Бас Прокуратура - Қазақстан Республикасы Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы аумағындағы Заңдардың, нормативті-құқықтық актілердің нақтылай орындалуын қадағалайды, сонымен қатар, жедел іздестіру қызметі, тексеру, әікімшілік және атқару шараларының заңдылығын қадағалайды. 

 

Лорд Гарри Кеннет Вульф – Лордтар палатасындағы адам құқығы жөніндегі Біріккен комитеттің мүшесі, Ұлыбританиядағы заң үстемдігі бойынша бүкіл партиялық парламенттік топ төрағасының орынбасары. Лорд Вульф Англия мен Уэльстің Жоғарғы соты экс төрағасы қызметін атқарған, Катар қаржы орталығының коммерциялық және азаматтық сотының Президенті болған, Blackstone Chambers арбитрі және модераторы болған.

 

АХҚО Тәуелсіз Соты. «Астана халықаралық қаржы орталығы туралы» ҚР Конституциялық заңының 13 бабына сәйкес, АХҚО Тәуелсіз Соты АХҚО қатысушылары, АХҚО органдары және (немесе) олардың шетел қызметкерлері арасындағы азаматтық, коммерциялық дауды, АХҚО-да АХҚО құқығына тиесілі кез-келген операцияға қатысты дауды, тараптардың келісіміне сай АХҚО сотына берілген дауларды қарастырады.