Баспасөз үшін

19/09/2017

Visa мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстанның қолма-қол есепсіз экономикасын және АХҚО-ның FinTech экожүйесін дамытпақ

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен төлемдік технологиялардың ғаламдық компаниясы Visa қолма-қол есепсіз экономика мен АХҚО-ның Fintech экожүйесін дамыту мақсатында ынтымақтасып қызмет ету үшін Ынтымақтастық пен серіктестік меморандумына қол қойды.

Құжатқа «АХҚО Әкімшілігі» Басқарма Төрағасы Нұрлан Құсайынов пен Visa Орталық Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі инновациялық тауарларды дамыту департаментінің аймақтық басшысы, аға директор Хади Раад қол қойды.

Меморандумға сай, Тараптар төлемдік инновация және өзге де технологиялық өнімдерді енгізу, сонымен қатар, елдің төлемдік индустриясының басым міндеттерін шешу бойынша серіктесіп жұмыс істейді.

Visa Орталық Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі инновациялық тауарларды дамыту департаментінің аймақтық басшысы, аға директор Хади Раад «Visa, инновациялық қолма-қол есепсіз төлем саласындағы көшбасшының бірі ретінде қолма-қол есепсіз экономиканың сәтті дамуы үшін мемлекеттің қолдауы аса негізгі фактор. Біз АХҚО-мен бірлесіп, FinTech экожүйесінің дамуы мен жұртшылықтың қаржылық сауатын көтеруге бағытталған жобаларды жүзеге асырмақпыз. Visa PayWave және HCE (Host Card Emulation) секілді инновациялық шешімдерді енгізу арқылы Қазақстан Visa Орталық Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдері арасында контактілік емес технологияларды дендеп енгізу бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Біз Visa ғаламдық тәжірбиесі мен АХҚО ықпалдастық танытуы Қазақстанның қолма-қол ақшасыз экономикасын әрі қарай дамытады деп есептейміз»,-деді.

«Visa-мен арадағы ынтымақтастық АХҚО-ға өз алаңында үздік әлемдік тәжірбиеге сай жаңа қаржылық қызметті дамытуға жәрдемдеседі. Өте кең көлемдегі дамыған инновациялық төлем жүйесі мен соңғы Fintech өнімдерді пайдалану қаржы орталығы базасындағы инфрақұрылым бизнесіне жағымды жағдай жасауға ықпал етеді»,-деді «АХҚО Әкімшілігі» Басқарма Төрағасы Нұрлан Құсайынов.

Тараптар, әлемнің 200-ден астам еліндегі электрондық төлем карта пайдаланушылары желісіне қол жеткізе алатын - Visa ғаламдық төлем жүйесімен Еуразияның жаңа қаржылық орталығы арасындағы жүйелі коммуникация қаржы институтарына да, карта пайдаланушыларына да жағымды әсер ететінін айтты.

Серіктестік аясында Тараптар ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар, бірлескен іс-шаралар, оның ішінде семинар, тренинг, конференциялар мен презентацияларды өткізетін болып уағдаласты.

Ақпарат үшін

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі  –  ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

www.aifc.kz

Visa – бұл ғаламдық төлем жүйесі, әлемнің 200-ден астам елінде қаржылық, үкіметтік, сауда-қызметтік кәсіпорындарын жылдам, қауіпсіз және сенімді электрондық төлемдер жүйесімен қамтамасыз етеді. Электрондық төлемдер ғаламдық инновациялық VisaNet процессингтік жүйесі арқылы жүзеге асырылады, ол жүйе секундына 65 000 транзакция жасай алады, тұтынушыларды алаяқтардан қорғайды, сауда-қызмет көрсету компанияларына төлемді жүзеге асыруда кепілдік береді. Visa – банк емес, ол төлем карталарын дайындамайды, тұтынушылар үшін комиссия мен пайыздық мөлшерлеме қоймайды, сонымен қатар, карта ұстанушыларына несие бермейді. Алайда, Visa инновациялық шешімдері өз клиенттеріне дебиттік немесе несиелік карта өнімдері арқылы тез төлем жасауға мүмкіндік береді.