Баспасөз үшін

21/09/2017

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы, Global Venture Alliance және «Инновациялық технологиялар паркі» блокчейн технологияларын пайдаланудағы экожүйені құру үшін бірлесіп жұмыс істемек

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Global Venture Alliance және «Инновациялық технологиялар паркі» қаржылық технологияларды бірлесіп дамыту мақсатында ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Құжатқа «Астана» Халықаралық қаржы орталығы Басқарушысы Қайрат Келімбетов, Global Venture Alliance Басқарушы серіктесі Лейрд Каган, «Инновациялық технологиялар паркі» Бас директоры Санжар Кеттебеков қол қойды.

Меморандумға сәйкес, АХҚО, Global Venture Alliance пен «Инновациялық технологиялар паркі» АХҚО-дағы криптовалюталық операцияларды реттейтін заңды дайындауға қатысты ақпарат алмасып, ынтымақтасып жұмыс істемек. Сонымен қатар, Қазақстанның инновациялық дамуына жағымды жағдай қалыптастыру үшін блокчейн, криптовалюта технологиясын пайдаланатын экожүйені құруда бірлесіп іс-шаралар атқармақ.

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов, қаржы технологиялары АХҚО негізгі бағыттарының бірі екенін айтты. «Біз АХҚО-ның әлемдегі криптовалюталар үшін ең жағымды және сенімді юрисдикция болуына ынталымыз»,-деді ол.

«Криптожобалар – Қазақстанда енді дамып бастаған болашағы бар бағыт. Әлемдік тәжірбие блокчейн технологияларының үлкен басымдыққа ие әрі капиталды тезірек тартуға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Global Venture Alliance-пен бірлесіп жұмыс істеу АХҚО-ға ең үздік әлемдік тәжірбиеге сай соңғы технологиялық жаңалықтарды пайдалануға ықпал етеді»,-деді Global Venture Alliance Басқарушы серіктесі Лейрд Каган.

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы өзінің негізі бағыты ретінде қаржы технологияларын таңдағанына қуаныштымыз. АХҚО инновациялық өнімдердің шоғырланған жері болып, көптеген стартаптардың өз мүмкіндігін сынап, ал тәжірбиелі қатысушылардың өз кәсібін әрі қарай күшейте түсуге мүмкіндік береді деп есептейміз»,-деді «Инновациялық технологиялар паркі» Бас директоры Санжар Кеттебеков.

Серіктестік аясында тараптар жұмыс тобын құрып, ғылыми-білім беру іс-шаралары, дәлірегінде, саммит, семинар, конференциялар, дөңгелек үстөлдер өткізуге өзара көмек көрсетіп, қажетті халықаралық тәжірбиені бағалауда АХҚО-ға ықпалдастық танытпақ.

Ақпарат үшін

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

www.aifc.kz

Global Venture Alliance. Инновацияларды дамытатын жеке экожүйе, акселерациялық және білім бағдарламаларын, венчурлық және қайырымдылық қорларын, зерттеу институттарын біріктіретін халықаралық холдинг.

«Инновациялық технологиялар паркі» Бес институционалды реформаны жүзеге асыратын 100 нақты қадам - Ұлт жоспарының аясында 63-қадам бойынша өз қызметін атқарады. Алматыдағы жоғарғы оқу орындары мен ғылыми институттардың ғылыми-техникалық базасын шоғырландырады.