Баспасөз үшін

10/10/2017

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қ.Келімбетовпен кездесті

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» Халықаралық Қаржы орталығы (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетовпен кездесті.

          Кездесу барысында Елбасы әлемдік ең мықты тәжірбиеге сүйеніп, Қазақстанда мықты қаржы қызметін ұсынатын халықаралық қаржы орталығын құру бойынша атқарылып отырған іс-шаралардан хабардар болды.

          Елбасыға 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап іске қосылатын Тәуелсіз Сот пен халықаралық Арбитраждық орталыққа қатысты нормативтік құжаттардың жасалынып отырғандығы айтылды.

          Қ.Келімбетов Елбасыға АХҚО-ның негізгі даму бағыттары және АХҚО жоғарғы технологиялық биржасы туралы да айтты.

          АХҚО Басқарушысы қазір Шанхай Қор биржасы мен АҚШ-тың Nasdaq, Inc. Компаниясымен бірге технологиялық келісімге қол жеткізілгенін, олардың әрі қарай қаржы орталығын құрып, дамытуға әсер ететінін айтты.

АХҚО-ны құру туралы идеясы қол алынғалы бері біраз шаруа тындырылды. «АХҚО туралы» Конституциялық Заң қабылданды, ол қаржы орталығын айрықша құқыққа ие етеді.

          АХҚО-ны Басқару бойынша Кеңес, жұмыс органы - АХҚО Әкімшілігі, Қаржы қызметін реттеу жөніндегі Комитет (АФСА) құрылды.

АХҚО жұмысына әлемдік инвесторлар тарапынан сенімді қалыптастыру үшін және инвесторлардың мүддесін қорғау үшін жалпы құқыққа негізделген құқықтық режим енгізілмек. Тәуелсіз Сот пен халықаралық Арбитраждық орталық құрылмақ. 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап Англия мен Уэльстің Соттарында мол тәжірбиеден өткен Соттар АХҚО сотына тартылмақ.

Қ.Келімбетов Қазақстан Республикасы Президентін АХҚО-ның негізгі даму бағыттары – капитал нарықтарын дамыту, активтерді басқару, жеке тұлғалардың дәулетін басқару, исламдық қаржыландыру, қаржылық технология, жасыл қаржыландыру туралы да кеңінен хабарлар етті.

Қ.Келімбетов Елбасын ЭКСПО аумағына көшіру туралы жоспарлармен таныстырды.

Үкімет тапсырмасына сәйкес, «ЭКСПО-2017 Ұлттық компаниясы» АҚ көрмеден кейінгі уақыт шеңберінде офистік ғимараттарды IT-парк, АХҚО еркін экономикалық аймақ үшін (орталықтың барлық органдары мен АХҚО қатысушылары  үшін) «А» классына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Сондықтан, көші процесі 2018 жылдың IV тоқсанынан ерте болмауы да ықтимал.

ҚР Үкіметі жанындағы Мемкомиссияның 31.03.2017 ж. тиісті протоколына сәйкес АХҚО ол ғимараттарда ұзақмерзімдік жалға алу бойынша орналасады, себебі, ол ғимараттардың меншік иесі ЭКСПО-2017 Ұлттық компаниясы» АҚ.

Ақпарат үшін

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі  –  ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.