Баспасөз үшін

17/10/2017

«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен EXANTE Қазақстандағы криптоактивтер нарығын дамытып, алға жылжытуға уағдаласты

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен EXANTE халықаралық инвестициялық компаниясы Қазақстандағы криптоактивтер нарығын дамытып, алға жылжытуға және АХҚО-ны технологиялардың халықаралық экспертиза орталығы ретінде алға жылжыту бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Құжатқа сәйкес, өз портфолиосында сәтті блокчейн-жобаларға ие EXANTE компаниясы криптоактивтер нарығын реттеу мәселелері, финтех-экожүйесін дамытуға қолдау көрсету үшін АХҚО-ның актілерін дайындауға белсене қатысады.

Тараптар қаржы реттеушілерінің финтех-компанияларын дамыту үшін жағымды жағдайларды жасауда белсенді жұмыс істейтінін айтты.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы өз кезегінде ғаламдық инновациялық қаржы хабтарының біріне айнала алады.

Блокчейн технологияларына әр елдердің үкіметтері           жіті назар аударып отыр. Қазақстан өз кезегінде осы саладағы ғаламдық көшбасшы болу жолында нақты қадамдар жасап отыр. Цифрлық активтер нарығының дамуына қатысты оптимистік болжамымен EXANTE Басқарушы серіктесі Григорий Клумов бөлісті.

«Блокчейн –технология өзінің бірнеше артықшылығымен белгілі. Олар: ашықтық, берілген ақпараттардың өзгермеуі, жылдам транзакциялар және оларды өңдеудің қымбат еместігі. Нарықтың тез дамуына тек осы артықшылықтардың өзі жеткілікті. Ғаламдық ақша массасының көрсеткіші (М2) жыл сайын 6% артып, қазірдің өзінде 50 трлн долларды құрап отыр (Қытайды айтпағанда). Біздің есептеуіміз бойынша, цифрлық активтер нарығы әр екі жыл сайын арту әлеуетіне ие. Біздің негізгі мақсатымыз – орталықтандырылмаған қаржы жүйесі мен қоғамның арасын байланыстыратын тетікке айналу»,-деді Г. Клумов.

 

Ақпарат үшін:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

 

 

EXANTE— 2011 жылы Мальтада құрылған халықаралық инвестициялық компания. Қазіргі күні әлемнің 10 елінде өз өкілдігі бар. 2016 жылы оның жылдық айналымы 350 млрд.АҚШ долларын құрады. Компания MFSA, CySEC бойынша лицензиясы бар, FCA UK-де авторизациядан өткен. Әлемнің ең ірі қаржы нарықтарына тіке шығып, компанияның мамандары дайындаған өзіндік сауда терминалы арқылы акция, фьючерс, опцион, фонд, облигациялармен, әртүрлі валюталар, металл, цифрлық активтермен сауда жасай алады. 

2012 жылы EXANTE негізін қалаушылары Bitcoin Fund атты өзіндік криптовалюталық хедж-қор арқылы инвесторларға биткойн курсына қатысты пайда табу мүмкіндігін берді. Құрылғанынан кейінгі бір жыл ішінде өзінің түсімін 4847% арттырып, 2017 жылы бұл көрсеткішті 10 262%-ға арттырды.