Баспасөз үшін

17/10/2017

«Астана» халықаралық қаржы орталығының тұсаукесері америкалық бизнес-қауымдастық алдында өтті

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) тұсаукесері Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінің қолдауымен және The Business Council for International Understanding (BCIU) компаниясының қатысымен «АХҚО –Еуразия орталығындағы мүмкіндіктер» тақырыбымен өтті.

Жиынға қатысқан Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Қазыханов АХҚО-ның Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылғанын, елдің ұзақмерзімдік дамуына бағытталған бес институционалды реформаны жүзеге асыруға арналған Ұлт Жоспарының бір бөлігі екенін айтты.

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов АХҚО-ның посткеңестік орталықтағы теңдессіз жаңа қаржы орталығы екенін айтты. АХҚО өз қатысушыларына ерекше мүмкіндіктер мен артықшылықтар ұсынады, мәселен, салықтан 50 жыл көлемінде босату, 5 жылға арналған арнайы визалық режим, «бір терезе» қағидаты бойынша жеңілдетілген тіркеу режимі, заманауи инфрақұрылым.

«АХҚО-ның негізгі ерекшелігі оның құқықтық режимі. Қаржы орталығының тәуелсіз соты мен Халықаралық арбитраждық орталық ағылшын жалпы заңы мен Лондон, Нью-Йорк, Сингапур секілді инвесторларға түсінікті және замануи тәжірбиеге ие белді қаржы орталықтарының талаптарына сәйкес жұмыс істейді. АХҚО Еуразиялық аймақ үшін аймақтық хабқа айналуы тиіс. Мұнан өзге, ҚХР-дің «Бір жол, бір белдеу» бастамасының платформасына айналады»,-деді Қ.Келімбетов.

«Біз қазақстандық қаржы орталығына өз мүмкіндіктерін америкалық ірі компанияларының алдында көрсетуіне ықпал еткенімізге қуаныштымыз. Біздің мақсат бір алаңда жаңа даму мүмкіндіктерін іздейтін инвесторлар мен бизнекске ыңғайлы жағдай ұсына алатын АХҚО-ны түйістіру»,-деді BCIU президент Петр Тышанский.

АХҚО тарапынан қатысқан спикерлер қаржы орталының негізгі стратегиялық мүмкіндіктерін, оның ішінде капитал нарығы, активтер мен жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару, ислам қаржыландыруы, жасыл қаржыландыру және қаржы технологиялары туралы кеңінен айтып берді.

АХҚО-да NASDAQ және Шанхай қор биржасымен ынтымақтастық негізінде әлемдік талаптарға сәйкес жоғарғытехнологиялық биржалық инфрақұрылым құрылатынын айтты. Ол кең көлемдегі қаржы құралдарының көмегімен қаржылай капитал нарығын құруға ықпал етеді. АХҚО биржасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ компанияларын жекешелендіретін және «Бәсекегеқабілеттілік лидерлері – Ұлттық чемпиондар» бағдарламасының қатысушыларының құнды қағаздарын орналастыратын алаңына айналады деген жоспарлар бар.

Америкалық бизнес-қауымдастық Еуразияның жаңа қаржылық орталығына маңызды көңіл бөліп отыр.

АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов пен спикерлер қаржы орталығы туралы сұрақтарға кеңінен жауап берді.

 

Ақпарат үшін

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі  –  ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

The Business Council for International Understanding (BCIU) АҚШ-та 1955 жылдан бері жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйым. BCIU әр елдердегі бизнес пен саяси лидерлер арасындағы диалогты қолдайды. Әлемнің 200-ден астам компаниясы BCIU мүшелері.