Баспасөз үшін

27/10/2017

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Биржасы құрылды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Директорлар Кеңесі жиынының аясында «Астана1 халықаралық қаржы орталығы Биржасы Акционерлік қоғамы - Astana International Exchange құру туралы шешім қабылданды.

        АХҚО биржасыys4 стратегиялық серіктестері – Шанхай қор биржасы және NASDAQ қор биржасы, Шанхай қор биржасымен акционерлік келісімге қол қойылған, NASDAQ қор биржасы техникалық платформамен қамтамасыз етеді. Екі биржа әлемнің ең ауқымды 5 биржасының қатарында.

        АХҚО биржасы Елбасы бекіткен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ инвестициялық тұрғыдан ең тартымды компанияларының жекешелендіруі өтетін негізгі алаңға айналады.

        Қор биржасының ережелері «Астана» халықаралық қаржы орталығының www.aifc.kz сайтында тұр.

           

Ақпарат үшін:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.