Баспасөз үшін

15/12/2017

АХҚО стартаптарға Microsoft-тың лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін тегін алу мүмкіндігін

Финтех экожүйені дамыту және Қазақстандағы инновациялық стартап-жобаларды қолдау аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) халықаралық Microsoft BizSpark бағдарламасымен бірге жұмыс істейтін болады.

Microsoft BizSpark-қа қатыса отырып, стартаптар Microsoft-тың дизайнға, әзірлемелерге, өнімдерді сынақтан өткізуге және сервистерді интернетке орналастыруға арналған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерін, сондай-ақ корпорация мен оның серіктестерінің сараптамалық қолдауын тегін алатын болады.  

Бағдарламаға қатысу мерзімі 1 жылды құрайды. Бұл уақыт өткен соң қатысушылар BizSpark бағдарламасы бойынша алған барлық бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерін сақтап, арнайы жеңілдіктермен Microsoft бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерінің жаңартуларына жазыла алады.

 «АХҚО» әкімшілігі» АҚ Цифрлық технологиялар жөніндегі директоры Әсел Жиенбаеваның сөзінше АХҚО қазақстандық және халықаралық стартаптарға жобаларын жаңа технологиялық деңгейде тиімді дамытудың бірегей мүмкіндігін ұсынады.

 «Стартап-жоба жүзеге асырылған алғашқы үш жыл ең қысылтаяң және бір жағынан жоба табысқа кенеледі ме әлде жолы болмайды ма екенін айқындалатын сәттер болып саналады. Біздің міндетіміз финтех саласындағы енді бағын сынауға кіріскен кәсіпкерлерге барынша қол ұшын созу, оларға қолдау көрсету және инновациялық идеяларын жүзеге асыру мен оларды табысты жобалар/компанияларға дейін дамыту үшін барлық қажетті құралдарды беру және  болып табылады. Аталған бағдарламаға АХҚО іріктегендері қоса алғанда, кез келген қазақстандық стартаптар қатыса алады, олардың арасында Fintech Innovation Day, AIFC Fintechstars (хакатон), Акселерациялық бағдарламаның және басқа да жобалардың жеңімпаздары бар. Біз өз стартаптарымыздың табысқа кенелетіндігіне сенеміз», – деді Әсел Жиенбаева.

Microsoft-тың Коммуникациялар және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі директоры Елена Мухсинова: «BizSpark – бұл Microsoft-тың жаһандық бағдарламасы, оған әлемнің түпкір-түпкіріндегі 100-ден астам елдің саны 50 000-нан асып жығылатын стартаптары қосылып үлгерді. Бұл ұсыныс стартаптарға консультанттардың, инвесторлар мен серіктестердің жаһандық қауымдастығына, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелеріне еркін қол жеткізуге жол ашады. Біздің мақсатымыз – жас әрі инновациялық компаниялар-әзірлеушілерге ешқандай да шығынсыз  баға жетпес тәжірибе мен заманауи технологиялардың артықшылықтарына қабылдауға көмектесу болып табалады», – деп атап өтті.

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі  –  ағылшын тілі болады.  

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

 

          Microsoft BizSpark стартаптарға Azure, Windows, Visual Studio, Office and SQL Server сияқты заманауи құралдар мен технологияларды қайтарымсыз негізде пайдалаудың бірегей мүмкіндігін ұсынады. Бағдарлама сондай-ақ қаржыландыруды және кешенді маркетингтік қолдауды ұсынады.