Баспасөз үшін

05/07/2016

4-5 шілде аралығында «Астана» Халықаралық Қаржы орталығының делегациясы Гонконгтегі «Infrastructure Financing Facilitation Office» (IFFO) ашылуы салтанатына және Гонконг ақша айналымы Басқармасымен (HKMA).

4-5 шілде аралығында «Астана» Халықаралық Қаржы орталығының делегациясы Гонконгтегі «Infrastructure Financing Facilitation Office» (IFFO) ашылуы салтанатына және Гонконг ақша айналымы Басқармасымен (HKMA). бірлесіп ұйымдастырылған Бао Азиялық Форумының «Financial Cooperation Conference» (FCC) жиынына қатысты. 

«Бір белдеу, бір жол» бастамасының жүзеге асуына байланысты Жібек жолының экономикалық белдеуі аясындағы инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция құятын компаниялар мен корпорацияларға кешенді қаржылық қызмет көрсететін платформаларды ұйымдастыру аса ауқымды түрде дамымақ. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Сянган Үкіметі HKMA аясында осы IFFO офисін ашу жөніндегі шешім қабылдаған.

IFFO негізгі мақсаты акция иелерінен, қаржыгерлерден, кәсіби кеңесшілер мен ірі инвесторлардан кластер құру, «Бір белдеу, бір жол» стратегиясын қамтыған елдерге инвестицияны тұрақты және тиімді түрде құю үшін осы кластер мүшелерінің арасында ақпарат пен тәжірбие алмасудағы арнайы алаң түзу.

Бао Азиялық Форумы қаржы ынтымақтастығы Конференциясы кезінде осы жиынның қатысушысы болып отырған халықаралық қаржы институттары, Сянган үкіметі, өзге де мемлекеттердің делегациялары экономиканың өсімін әрі қарай жандандыру, ақша шектеуін алып тастау, қаржы капиталын басқару, инфрақұрылымды қаржыландыру және өзге де мәселелерді талқылады.

Қазақстандық делегация жиынға қатысушыларды «Астана» қалықаралық қаржы орталығының құрылуы және алдағы мақсаттары, мемлекеттік «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы, 5 институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 қадам секілді Елбасы Н.Назарбаевтың бастамаларымен қабардар етіп, Форумның сессиялары мен дискуссияларына қатысты.

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.