Баспасөз үшін

02/09/2016

Ұлыбритания Лордтар Палатасы адам құқықы жөніндегі Біріккен комитетінің мүшесі, лорд Гарри Вульф Қазақстанға келді

Бүгін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) шақыруымен Ұлыбритания Лордтар Палатасы адам құқықы жөніндегі Біріккен комитетінің мүшесі, құқық ұлықтығы жөніндегі Бүкілпартиялық Парламенттің топ Төрағасының орынбасары Лорд Гарри Вульф Қазақстанға келді. Лорд Вульф Англия және Уэльстің Жоғарғы соты, Катар қаржы орталығы коммерциялық және азаматтық сотының Президенті, Blackstone Chambers арбитрі және медиаторы қызметтерін атқарған.

Астанада ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездесуі кезінде АХҚО халықаралық арбитраж Орталығы мен Тәуелсіз сотының құрылып, қызмет атқаруы бойынша Лод Вульфтің ықпалдастық көрсету мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, ҚР Жоғарғы Соты Қайрат Мәмимен кездесу кезінде ҚР Ұлттық соттарының АХҚО соттарымен қарым-қатынас жасауы, Жоғарғы соттың судьяларын Ұлыбританияда оқыту мәселелері қарастырылды.

ҚР Әділет министрі Берік Имашевпен кездесуі кезінде Лорд Вульф өзінің Катар қаржы орталығының коммерциялық және азаматтық сотында президент болған кезіндегі тәжірбиелерімен бөлісіп, ұлттық соттардың, АХҚО соты мен халықаралық арбитраждық орталығы шешімдерінің жүзеге асыруын қамтамасыз ету мәселелерін ортаға салды.

Бас прокуратурада, ҚР Бас прокуроры Жақып Асановпен өткен кездесуде тараптар прокуратураның қылмыстық және азаматтық сот істеріне қатысуы бойынша британдық және қазақстандық тәжірбиелерімен алмасты.

 

Ақпарат:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

АХҚО әкімшілігі АХҚО-ның қызметін қамтамасыз ететін және оның мүддесін білдіретін АХҚО-ның органы болып табылады.