Баспасөз үшін

26/10/2016

АХҚО Сянган АӘА жанынан құрылған Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру Бюросының (IFFO ) Серіктесі атанды

Саянган Арнайы әкімшілік ауданының Қаржы мәселелері жөніндегі хатшысы (Қаржы министрі) Джон Цангтің ү.ж. 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасына жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаласушылықтарды іске асыру мақсатында «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қытай Халық Республикасының Саянган Арнайы әкімшілік ауданының (Гонконг) Ақша айналысы басқармасымен (HKMA) сындарлы әрекеттесуді дамыту бойынша белсенді жұмыс атқаруда.

«Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастама шеңберінде Сянган АӘА Жібек жолының Экономикалық белдеуі бойындағы инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция салатын компаниялар мен корпорацияларға кешенді қаржы қызметтерін ұсыну бойынша платформаұйымдастыру арқылы ірі ауқымды қаржыландыруды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Сянган АӘА Үкіметінің атқарған жұмысының нәтижесінде ү.ж. 4 маусымда HKMA жанынан «Infrastructure Financing Facilitation Office» - Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру Бюросы (IFFO) құрылды.

ҚХР-дың халықаралық ынтымақтастық пен дамудың жаңа моделін жасау мен жылжыту, қолданыстағы өңірлік екіжақты және көпжақты тетіктер мен құрылымдарды нығайту бойынша бастамасына қатысудың нәтижесінде АХҚО Саянган АӘА Ақша айналысы басқармасының жаңадан құрылған IFFO алаңының серіктесі болу жөніндегі ұсынысты қабыл алды. АХҚО-ның серіктес атанғаны туралы халықаралық қаржы ұйымдарының басшыларының қатысуымен 2016 жылғы 26 қазанда Саянган АӘА-да өткен «Private Participation In Infrastructure Project Finance In Emerging Markets» тақырыбындағы семинар барысында жария етілді. 

IFFO директоры – НКМА Бас атқарушы директорының орынбасары Эдди Юе жаңа серіктестердің тізімін жариялай отырып, IFFO платформасы сақтандыру, банктік және құқық секторларынан, сондай-ақ халықаралық іскери кеңестер мен корпорациялардан серіктестер тарту арқылы құрылғандығын және жаңа серіктестердің қосылуынан IFFO өз миссиясын жүзеге асыру үшін қосымша күш-қуатқа ие болатындығын айтты. Ол гонконгтық тарап ақпарат алмасу, әлеуетті арттыру, нарық пен өнімдердің түрлерін дамыту, әсіресе дамып келе жатқан нарықта инфрақұрылымдық қаржыландыру үшін тиімді шарттарды жасау мақсатында инвестициялау процестеріне жәрдемдесу сияқты IFFO функцияларына сай келетін ынтамақтастық салаларын зерделеуге әзір екендігін атап өтті.

Бұл серіктестік тек АХҚО үшін ғана емес, тұтастай Қазақстан үшін де «Бір белдеу, бір жол» атты алып жобасына қосылу бөлігінде жаңа мүмкіндіктер ашады, бұл жоба алдын ала болжамдар бойынша жалпы халық саны 4 млрд. адам және ЖІӨ қосқанда 2 триллион АҚШ доллары болатын әлемнің 60-қа жуық елін қамтиды, бұл өз кезегінде жалпы әлемдік көрсеткіштердің 62% және 29% құрайды.

           

Ақпарат:

 

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.