Баспасөз үшін

04/11/2016

«Астана»Халықаралық қаржы Орталығы (АХҚО) делегациясы Қытай Халық Республикасына (ҚХР) іс-сапармен барды


3-5 қараша аралығында «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов бастаған делегациясы Қытай Халық Республикасына (ҚХР) қаржы институттарымен келіссөздер жүргізуге және жыл сайын өтетін «Lessons as Retrospect and Prospect» конференциясына қатысуға барды. Бұл конференцияны «Хунжу» қаржы білім Қоры, Шанхайдың қаржы және құқықтану саласындағы зерттеу институты (SIFL) және Шанхай қ. Жаңартылған Бреттон-Вуд Комитеті ұйымдастырған.

Пекинге барған сапарында АХҚО делегациясы Қытай саяси консультативтік Кеңесі Төрағасының орынбасары – «Бір белдеу, Бір жол» Бастамасын жүзеге асыру аясында құрылған Жібек Жолы дамуын жоспарлау Зерттеулер орталығы Төрағасы Чэнь Юанмен кездесті. Ол кездесуге ҚХР қаржылық ұйымдары, дәлірегінде, Қытайдың Мемлекеттік Даму банкі, Қытайдың қаржы дамуы қауымдастығы және Жібек Жолы Қоры өкілдері де қатысты.

Кездесу кезінде тараптар лицензиялау, реттеу және қаржы орталығы нормативті-құқықтық базасын құрылымдау мәселелері мен  ҚХР банк ұйымдарын АХҚО аумағына тарту, әрі қарай ынтымақтасып жұмыс істеу жайттарын талқылады.

Мұнан өзге АХҚО Басқарушысы «Jumore» компаниясы Президенті Лу Хунсянмен кездесіп, қаржы технологиялары мен қаржылық құралдар мәселелері, екі елдің қаржылық ұйымының арасында ынтымақтастықты орнату үшін тиімді қарым-қатынастар құру жайттарына тоқталды.

Кездесу барысында қаржылық технологиялар нарығын дамыту, осы саладағы зерттеу жұмыстарын жүргізу және білім мен тәжірбие алмасу үшін Ынтымақтастық Меморандумына қол қойды.

«Lessons as Retrospect and Prospect» конференциясында Қ.Келімбетов негізгі панелді сессияға қатысты. Сессияда қытай экономикасының дамуы, ұзақмерзімдік реформалар мен қысқамерзімдік даму бағдарламалары арасындағы шиеленіс, Қытай экономикасына қосымша импульстің қажеттілігі туралы, оның өзге елдер экономикасына ықпалы, экономикалық барьерлер мен реформалардың бағыттары жайында ой қозғалды.

АХҚО мен Шанхай Қор Биржасының арасындағы диалогты жалғастыру мақсатында және әрі қарай тереңдету үшін Шанхай Қор Биржасы Президенті Хуан Хунюанмен кездесу өтті. Тараптар аймақтағы капитал нарығын әрі қарай дамыту және ҚР мен ҚХР арасындағы стратегиялық серіктестікті бекіту мақсатында АХҚО бәсекеге қабілетті Қор биржасын құру үшін бірігіп жұмыс жүргізуде.

Мұнан өзге АХҚО делегациясы Ханчжоу электрондық коммерция индустриалды паркіне (Технопарк) барып, сол аумақта жұмыс істейтін компаниялар – Hangzhou Silver Box Baocheng Science and Technology, Ltd.», «Baozun Inc.», «Ningbo Qi Feng Communications», «HangzhouWeiba Information and Technology Co., Ltd.» компанияларының жұмысымен танысты. АХҚО мен Технопарк арасындағы келісімдер Ынтымақтастық Меморандумымен бекітілді.

Ақпарат:

 

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

JUMORE – тауарлар мен қызметтердің және өнеркәсіптік тізбектің барлық категорияларына арналған әлемдегі тұңғыш электрондық платформа.

JUMORE платформасында әртүрлі қызмет түрлері көрсетіледі – тауарлар мен қызметтердің түр-түрі, жер қойнауы қазбалараы, металлургия, энергоресурстар, химиялық өнімдер, ауылшаруашылық тауарлары, өндірістік және өнеркәсіптік тауарлары, тұтыну тауарлары мен азық-түлік өнімдері, қаржылық, логистикалық қызмет түрлері, Big Data, техникалық, кеңестер беру тауарларды сертификациялаумен айналысады.

JUMORE платформасында шикізаттық материалдар, металөнімдері, энергоресурстар, химиялық өнім, ауылшаруашылығы өнімдері, өндірістік және өнеркәсіптік тауарлар, азық-түлік өнімдері, туристік және өзге де қызмет түрлерін төлеу, жалпы, нақты экономикаға қатысты тауарлар мен қызмет көрсету өнімдерін сату және сатып алу қызметтері көрсетіледі. 

JUMORE сонымен қатар, 6 негізі қызмет түрлерін көрсетеді. Олар – қаржы, логистика, үлкен ақпаратар (Big Data), технолгиялар, ақыл-кеңес, сертификация. Бұлардың барлығы әлемдік жоғароғы сапалаықазметтің ресурстарын құрайды. 

 

Ханчжоу электрондық коммерция паркі: бұл Ханчжоу электрондық коммерция зонасына кіреді және «Бір белдеу, Үш парк» моделі –(1) Шығыс электронды коммерция паркі, 2) Ханчжоу электрондық коммерция паркі, 3)Қытай (Ханчжоу) электрондық коммерция және трансшекаралық сауда индустриалды паркі аясында дамып келеді

ҚХР Үкіметі бұл электрондық коммерция зоналарын бірлестіріп, Ханчжоу қ. және Чжэцзян провинциясындағы өзге салаларға электрондық коммерцияны таратпақшы. 

Ханчжоу электрондық коммерция паркінің негізін Ханчжоу қ. Халық үкіметінің Ақпараттық бюросы салған, 2009 жылдың желтоқсан айында салынып бастады. Парк аумағы 2 га, ғимараттар аумағы 60 мың.шаршы метрді құрайды.

Қазір парк аумағында ақпараттық қызмет, бағдарламалық қамтамасыз ету, мобилді интернет, және өзге де электрондық коммерцияға негізделген 80 кәсіпорын жұмыс істейді.