Баспасөз үшін

09/11/2016

АХҚО делегациясы Жапонияның қаржы институттарымен келіссөздер жүргізді


Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 7-9 қараша аралығында Жапонияға жасаған сапары аясында «Астана» Халықаралық қаржы Орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қ.Келімбетов бастаған делегация Жапонияның қаржы институттарымен келіссөздер жүргізді.

Инвестициялар және даму Министрлігінің ұйымдастырған бизнес форумы кезінде АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың АХҚО құру жөніндегі бастамасымен таныстырды. АХҚО Қазақстанда жүргізіліп жатырған құрылымдық реформларадың бір бөлігі, ол ел экономикасын әртараптандыруға, елдің қаржылық жүйесінің дамуына және тұрақты өсіміне бағытталған. Сонымен қатар АХҚО Басқарушысы осы қаржылық орталықтың негізгі бағыттары, салықтық жеңілдіктері, артықшылықтары туралы да кеңінен таныстырды.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және Жапония Премьер-министрі С.Абэнің қатысуымен АХҚО мен Жапонияның құнды қағаздар дилерлері Қауымдастығының арасында Ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.

АХҚО делегациясы сонымен қатар, «Mizuho Financial Group, Inc.», «Sumitomo Mitsui Financial Group», «Japan Exchange Group» және «Nomura Asset Management» секілді Жапонияның белді компанияларының басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Жапон корпорациялары АХҚО жұмысына, дәлірегінде, капитал нарығын дамыту, активтер мен жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару, ислам қаржысы салаларына қызығып отырғандықтарын жеткізді.

Мұнан өзге АХҚО делегациясы«SoftBank Group Corp», «Mistletoe» және «Palo Alto Networks» секілді компаниялармен кездесі кезінде тараптар қаржы технологияларын дамыту, венчурлық қорларды құру мәселелерін талқылады.

Ақпарат үшін:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

Mizuho Financial Group Inc. – жапондық банктік холдинг, өзінің еншілес компаниялары Mizuho Bank (MHBK), Mizuho Trust & Banking (MHTB), Mizuho Securities (MHSC) және т.б компаниялар арқылы 1,625 трлн.АҚШ долларына сай активтерге ие. Ауқымы жөнінен Жапониядағы екінші қаржылық топ, MUFG мен SMFG-ден кейінгі үшінші банктік компания, және нарықтық капитализациясы бойынша әлемдегі тоғызыншы банктік топ.

Sumitomo Mitsui Financial Group – 2002 жылы құрылған Жапониядағы ең ірі банктік топ. 1,3 трлн.АҚШ долларына сай активтерге ие. Sumitomo Group құрылымындағы ең ірі компания. Fortune Global 500 тізіміне кіреді.

Nomura Asset Management Co., Ltd. – Жапонияның аса белді компанияларының бірі, Азия-Тынық Мұхиты аймағындағы көшбасшылардың бірі. Өз қарамағындағы активтердің құны 337 млрд. АҚШ доллары.

SoftBank Group Corp. – жапондық телекоммуникациялық медиакорпорациясы, интернет, ұялы телефон жүйесі, маркетинг, қаржы саласына бейімделген. NTT Docomo мен AU-мен бірге Жапонияның алғашқы үштігіне кіреді. SoftBank брэнді аясында елдің телекоммуникациялар нарығындағы 600 компания жұмыс істейді.

Mistletoe- бизнес-білім, стартаптар саласындағы жобаларды жүзеге асыратын инвестициялық компания.

Palo Alto Networks – желілік қауіпсіздік нарығындағы көшбасшы компания, жаңа дәуірдің желіаралық экрандарын құрумен айналысады.