Баспасөз үшін

18/11/2016

Астанада АХҚО мен ICAEW ұйымдастыруымен Корпоративтік басқару бойынша форум өтті


Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Англия мен Уэлсьтің Алқа бухгалтерлерінің институты (ICAEW) Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігімен бірлесіп Корпоративтік басқару бойынша форум өткізді.

Форум барысында инвесторлар «Астана Экспо-2017» инфрақұрылымы базасында «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру бағытында атқарылып жатқан шаралармен танысты. АХҚО-ны сәтті іске қосу үшін Елбасы Н.Назарбаев қаржы орталығының қатысушыларына арналған теңдессіз шарттар мен қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін Конституциялық заңға қол қойды. 

АХҚО-ның Басқарушысы Қайрат Келімбетов АХҚО-ның мақсаты Қазақстанда халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтер көрсететін жетекші орталық қалыптастыру екендігін атап өтті. Қаржы орталығы сондай-ақ Орталық Азия нарығына тартылатын жаһандық инвестицялар қақпасының қызметін атқаратын болады.

АХҚО-ның Басқарушысы сондай-ақ серіктестерге көрсетіп келе жатқан қолдаулары үшін өз алғысын білдірді. Қ.Келімбетов: «Біздің ынтымақтастығымыздың нәтижесінде ең үздік халықаралық стандарттар негізінде тиімді корпоративтік басқаруды дамытудың мықты іргетасы жасалатын болады» – деп атап өтті.

ICAEW атқарушы директоры Роберт Ходкинсонның сөзінше АХҚО-ны құрғаннан кейін және Ұлыбритания мен басқа да юрисдикциялар сарапшыларымен ынтымақтастықта әзірлеген жаңа әрі барлық әлемде мойындалған корпоративтік басқару жүйелеріне қол жеткізгеннен кейін Қазақстан шетелдік инвестициялар мен халықаралық коммерциялық жобалар үшін бұрынғыдан да тартымды бола түседі.  Р.Ходкинсон: «АХҚО-да қолданылатын ағылшын тілі мен ағылшын құқығы қаржылық есептілікке қойылатын халықаралық талаптарды, жергілікті мамандардың біліктілігін және әлемдік стандарттардың сақталуын қамтамасыз ететін болады.  Қаржы орталығы үшін және елдің тұрақты дамуы үшін де негіз болатын өлшемшарттар осы» – деп ойын түйіндеді.



 

Ақпарат:

 

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

ICAEW 146 мың дипломдалған бухгалтерлерді қамтитын және қолдау көрсететін әлемдік кәсіби ұйым, бизнес, қаржы, бухгалтерлік есеп, салық саласы, аудит бойыншасапалы кеңес берумен жіне оқытумен айналысады. Техникалық экспертиза бойынша өз білімімен бөліседі, бухгалтерлік және қаржы мамандықтарының интеграциясымен айналысады.Бухгалтерлік есеп пен қаржы, бизнес саласының лидерлері ретінде ICAEW өкілдері жоғары кәсіби стандарттарды қолдау үшінбілім мен тәжірбиеге ие. Жеке тұлағалар, ұйымдар, қауымдастықтар және елдердің жетістігі үшін өз үлесін қосады.