Баспасөз үшін

30/11/2016

АХҚО, Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі және Астана қаласының Әкімшілігі Ынтымақтастық Меморандумына қол қойды


Бүгін «ASTEX Astana Smart City 2016» Халықаралық көрме-форумының аясында «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы, Ақпарат және Коммуникациялар Министрлігі және Астана қаласының Әкімшілігі Өзара ынтымақтастық туралы үшжақты Меморандумға қол қойды.

Меморандум инфрақұрылымдық және инновациялық жобаларды дамытуға арналған ынтымақтастықты қамтиды. Тараптар атап өткендей, қол қойылған Меморандум аясында біріккен ғылыми-техникалық және жаңа қаржылық технологиялар аясындағы зерттеу жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылған.

Тараптар «Астана» Халықаралық Қаржы орталығының базасында финтех аскелераторды (зертханалар, инкубаторлар) дамыту бойынша серіктесіп жұмыс істеуге келісті. Сонымен қатар, дерекқорды үлестіру технологияларын (блокчейн технологиялары) пайдалану және зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов, АХҚО мақсаты қаржы қызметі саласындағы ыңғайлы орта арқылы ел экономикасына инвестиция тартуға ықпалдасу. АХҚО негізгі бағыттарының бірі жаңа қаржылық технологияларды дамыту. «Біз заманауи инфрақұрылым, зертханаларды дамыту, ірі қаржылық және технологиялық компаниялармен ынтымақтасу арқылы қаржылық технологиялық жобаларды өзіне тартатын Орталық болуды мақсат тұтып отырмыз»,- деді Қ.Келімбетов.

Ақпарат үшін:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.