Баспасөз үшін

12/12/2016

«Астана» Халықаралық Қаржы орталығы мен «Қазақстан қаржыгерлері Қауымдастығы» ЗТБ Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Бүгін «Астана» Халықаралық Қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен «Қазақстан қаржыгерлері Қауымдастығы» (ҚҚҚ) Кеңесінің Төрағасы Мағжан Әуезов Астананың халықаралық қаржы орталығы ретіндегі дамуына және Қазақстан Республикасындағы қаржылық индустрияның және соған әсер ететін кәсіби қызметтердің қалыптасуына ықпалдасу бойынша Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Құжат бойынша АХҚО мен ҚҚҚ қаржы орталығының дамуы үшін барлық стратегиялық бағыттар бойынша ықпалдасу, құнды қағаздар рыногінің жергілікті және халықаралық кәсіби қатысушыларына АХҚО-ның стратегиялық дамуы бойынша ойларымен бөлісуге ақпараттық қолдау көрсету секілді біріккен іс-шаралар көрсетілген.

Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін Тараптар сарапшылық пікірлерімен және тәжірбие алмасуға, оның ішінде сарапшылық қауымдастық өкілдерін және қаржы индустриясының өзге де салаларының өкілдерін тарту арқылы әртүрлі форумдар мен семинарлар, конференциялар өткізуге келісті.

Ақпарат үшін:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі  –  ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

«Қазақстан қаржыгерлері Қауымдастығы» ЗТҚ

1999 жылы мамыр айында Қазақстан қаржыгерлері Конгресінің 1-резолюциясына сай құрылған. ҚҚҚ құрамына 160-тан астам ұйым кіреді, оның ішінде банктер, сақтандыру ұйымдары мен сақтандыру брокерлері, құнды қағаздар рыногінің кәсіби қатысушылары, лизингтік компаниялар, микро-қаржылық компаниялар, аудиторлық, консалтингтік және ғылыми-білім беру компаниялары.