Баспасөз үшін

11/12/2016

Қазақстандағы жасыл қаржыландыру талаптарын дайындау бойынша

2016 жылдың 27 мамырында Шетел Инвесторларының Кеңесінің 29-Жиынында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл» экономика саласындағы қатысушыларға жайлы жағдай қалыптастыру және жасыл қаржыландыру құралдары аспаптарын дамыту қажеттігін айтқан еді.

Дәл сол кезеңде «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы Еуропалық қайта құру және дамыту банкімен бірге Қазақстанның Жасыл қаржы жүйесінің Концепциясын дайындау бойынша келісімге келген еді.

Жасыл қаржыландыру қоршаған ортаны қорғауға арналған компаниялар мен жасыл жобаларды қаржыландыратын кең көлемдегі аспаптар және экологиялық несиелер мен облигациялардан тұратын қаржылық өнімдер.

Осы мақсат бойынша және елдегі қаржы саласының жасыл жобаларымен танысу және Қазақстаннның жасыл жобалар мен жасыл қаржыландыру бойынша сұраныстарын зерттеу бойынша желтоқсанның 7-9 аралығында Еуропалық қайта құру және дамыту банкі сарапшылары Алматы мен Астана қалаларында болып, мемлекеттік орган, қаржы институттары мен даму институттарының өкілдерімен кездесті.

Зерттеу тобы АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетовпен кездескен кезінде жобаның негізгі талаптары мен Қазақстандағы жасыл қаржыландырудың дамуындағы АХҚО пікірлері ортаға салынды. Қ.Келімбетов сонымен қатар, жасыл қаржы әлемдік қаржы индустриясындағы жаңа және үміт күттіретін бағыт екендігін, АХҚО алаңында жасыл қаржының орталығын құру қажеттігін айтты.

Қазақстандағы Жасыл қаржы жүйесі Концепциясы мен оны жүзеге асырудағы Жол Картасы 2017 жылдың ортасында, EXPO-2017 көрмесі кезінде тұсауы кесіледі деп жоспарланып отыр.