Баспасөз үшін

21/02/2017

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов «Jumore» компаниясының Президенті Лу Хунсянмен кездесті

Бүгін «Астана» Халықаралық Қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов «Jumore» компаниясының Президенті Лу Хунсянмен кездесті.

«Jumore» компаниясы әлемдегі ең белді трансшекаралық электрондық платформасы бар компания.

АХҚО үшін қытайлық әріптестердің қаржы технологиялары мен қаржы құралдары бойынша тәжірбиесі маңызды. Компания әлемнің 130-дан астам елдерімен, оның ішінде G20 елдері және «Жібек Жолының Экономикалық белдігі» бойындағы мемлекеттермен ынтымақтаса жұмыс істейді.

 «Астанада құрылған Халықаралық қаржы орталығына жаңа қаржылық технологиялар мен осы аймақта жұмыс істейтін инвесторларды тарту өте маңызды»,-деді Қ.Келімбетов.

 «Jumore» компаниясы Президенті Лу Хунсянның айтуынша, компанияға Жібек Жолында орналасқан елдердің нарығы қызықты. «Қаржы технологиялары нарығындағы білім мен тәжірбиелерді алмасуға біз мүдделіміз»,-деді «Jumore» басшысы.

АХҚО мен «Jumore» екі орталықтың 2016 жылы қол қойған Меморандумы аясында бірлесіп жұмыс істейді.

             

Ақпарат:

 АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

«Zhejiang Jumore E-commerce Co. Ltd.» ( әрі қарай «Jumore») – тауарлар мен қызметтердің түр-түрі, жер қойнауы қазбалараы, металлургия, энергоресурстар, химиялық өнімдер, ауылшаруашылық тауарлары, өндірістік және өнеркәсіптік тауарлары, тұтыну тауарлары мен азық-түлік өнімдері, қаржылық, логистикалық қызмет түрлері, Big Data, техникалық, кеңестер беру тауарларды сертификациялаумен айналысады.

Аса жылдам дамуының арқсасында Қытайдың мемлекеттік органдары тарапынан қолдауға ие. Әрі әлемдік қауымдастықтан жақсы баға алған. Компания Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымының, Африкалық Одақтың, Араб елдері Лигасының мүшесі. 

«Jumore» компаниясының негізін қалаушы және Директорлар Кеңесінің басшысы Эрик Лу ҚХР Инвестицияларды алға тарту Кеңесі Электрондық коммерция комитетінің Төрағасы, Қытайдың электроника бойынша сауда палатасының Атқарушы мүшесі, Қытайдың трансшекаралық электрондық коммерция Комитетінің басқарушы Президенті.