Баспасөз үшін

26/05/2016

«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Thomson Reuters Арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою жөнінде баспасөз-хабарламасы

Бүгін Астана экономикалық форумы аясында  «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ (АХҚО әкімшілігі) мен Thomson Reuters арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум АХҚО-ның негізгі стратегиялық бағыттарын: капитал нарығын, активтерді басқару, жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару және исламдық қаржыландыру мен қаржы технологияларын дамыту мүддесіне сәйкес ақпарат пен тәжірибе алмасу арқылы іскери серіктестікті дамыту үшін ынтымақтастықты нығайту мақсатында қол қойылды.

 «Thomson Reuters-тің инновациялық технологиялармен жұмыс жасаудағы салалық тәжірибесі АХҚО алаңында қаржы сараптамасын дамытудың маңызды міндетіне назар аударуға және халықаралық инвесторлар үшін АХҚО-ның қызметін ақпараттық жария етуге мүмкіндік береді», – деді Қайрат Келімбетов.

Петр Марчевски, Thomson Reuters-тің Ресей мен ТМД елдеріндегі басқарушы директоры де өз ойымен бөлісе келе, «Қазақстан Thomson Reuters үшін маңызды елдердің бірі, біз осы елдің дамуына үлес қосу мүмкіндігіне қуаныштымыз. Біз АХҚО-ға бизнес пен кәсіпқойларды қызықтыратын көптеген сұрақтарға жауап беретін технологиялар, инновация мен экспертизаларды ұсынамыз».

Мен АХҚО-ға білдірген сенімі және ынтымақтастықтың басталғаны үшін алғыс айтқым келеді. Біз АХҚО-ға оның алға жылжуы мен халықаралық деңгейдегі қаржы орталығы ретінде орнығуына қажетті әлемдік класстағы шешімдерді ұсынамыз», – деді.

Меморандум тараптардың ынтымақтастықты тереңдетуге және бірлескен қызметтің ортақ мүддесін білдіретін жаңа мүмкіндіктерді зерделеуге ұмтылатындығын атап көрсетеді.

Тараптар туралы ақпарат

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

Thomson Reuters – бизнес пен кәсіби мамандарға арналған аналитикалық ақпараттарды, ақпараттық шешімдер мен деректер қорының көшбасшы жеткізуші. Компанияның салалық ерекшеліктерді түсінуі және инновациялық технологияларды қолдануы оған қаржы мен тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару, юриспруденция, салық салуды әкімшілендіру, бухгалтерлік есепке алу, ғылым мен медиа салаларында шешім қабылдау үшін маңызды ақпараттарды ұсынуға мүмкіндік береді.