Баспасөз үшін

28/03/2017

«Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы (АХҚО) халықаралық қаржы орталықтарының эксклюзивті бірлестігіне енді

АХҚО халықаралық қаржы орталықтарының эксклюзивті бірлестігі - Vantage Financial Centres (VFC) құрамына енді. Бұл туралы Милан қаласында өткен Ғаламдық Қаржы орталықтары Индексінің (Global Financial Centers Index (GFCI) 21-шығарылымының ресми тұсаукері кезінде мәлім болды. http://www.longfinance.net/images/gfci/gfci_21.pdf

Vantage Financial Centres құрамына Токио, Торонто, Шанхай, Пекин, Абу-Даби секілді белгілі халықаралық қаржы ұйымдары кіреді.

VFC білестігінің өкілдері консультативтік қолдау, өзге мүшелердің тарапынан GFCI рейтингі құрылымдалатын негізгі көрсеткіштер бойынша бағалану мүмкіндігіне ие болады. Онан өзге Орталықтар ғаламдық қаржы орталықтарымен қатар жоғары дәрежедегі халықаралық іс-шараларға белсенді түрде қатыса алады.

Бұл іс-шараларды қаржы орталықтарының бәсекеге қабілеттілігін артыру үшін сарапшылардың пікірлерімен бөлісу, тәжірбие алмасатын өзіндік алаңы деп атауға болады.

Бұл артықшылықтар, сөзсіз, АХҚО-ға әлемдік қауымдастық тарапынан сенімінің артуына, жағымды имиджін қалыптастыруға әсер етеді. Бұл бірлестік құрамына ену - АХҚО-ның қалыптасып, дамуына байланысты дер кезінде жасалынған қадам.

GFCI Индексі 2007 жылдан бері жарияланады, әлемдік қаржы орталықтарының бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Рейтинг қаржы орталықтарының 29 000 бағамы, онлайн-сауалнама және Әлемдік банк, Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымы (ОЭСР) және тағы да басқа ұйымдардың 100-ден астам көрсеткіштерін қаперге алады. GFCI индексі «іскер орта», «қаржы секторының дамуы», «инфрақұрылым факторлары», «адам капиталы», «бедел және жалпы факторлар» секілді көрсеткіштерден құралады.

АХҚО аймақта ерекше жағдайлар ұсынатын қаржы орталығы. Олар: ағылшын құқығы принциптеріне негізделген арнайы құқықтық режим, халықаралық талаптарға сәйкес тәуелсіз қаржылық реттеу, 50 жылға арналған салықтық жеңілдіктер, жеңілдетілген визалық және еңбек режимі, АХҚО аймағындағы ресми тілдің ағылшын тілі болуы. ЭКСПО-2017 инфрақұрылымы базасында орналасатын АХҚО 2018 жылдан толықтай жұмыс істеп бастайды.