Баспасөз үшін

12/04/2017

Қазақстан қор нарығына инвестиция тарту мәселелері талқыланды

Бүгін Астанада «Қазақстан қор нарығына халықаралық капиталды тарту» атты халықаралық конференция өтті. Ұйымдастырушылар - «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), BNY Mellon Банкі (Нью-Йорк), FTI Consulting және Kinstellar компаниясы.

Конференцияға АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов, Шетел инвесторлары Басқарма Төрағасы Ульф Вокурка, «KMG D&S» ЖШС басқарма мүшесі А. Алпамысов, Credit Suisse қаржы конгломераты, «ҚазАтомПром» ҰАК және өзге де қазақстандық және халықаралық компаниялар мен қаржы институттарының өкілдері қатысты.

Конференция инвестиция мен қор нарықтарын дамыту саласындағы сарапшылар мен аналитиктердің басын қосатын диалогтық алаң рөлін атқарды.

Конференция кезінде АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов шетел инвесторларының назарына Қазақстан экономикасына инвестиция тартуға негізделген АХҚО-ның негізгі стратегиялық бағыттары: капитал нарығы, активтерді басқару, жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару (private banking), ислам қаржыландыруы және озық қаржылық технологиялар бойынша кеңірек айтты.

Бұған қоса, Қ.Келімбетов жаңа қор биржасының алаңқайы Astana International Exchange (AIX) биржасы туралы мәліметтер ұсынды, Қор биржасы осы жылдың күзінде іске қосылмақ, онда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның ең тартымды компанияларының акциялары орналастырылады.

«Қор нарығының дамуына Елбасы жариялаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ құрамына енетін ұлттық компаниялардың, өзге де компаниялардың жекешелендіруі бойынша бастамасы өте маңызды. Сондықтан, осы бағыт бойынша дамуымыз керек»,-деді Қ.Келімбетов.

Конференция кезінде екі панелдік сессияның өткізілуі көзделіп отыр, онда қатысушылар мүмкіндіктердің пайда болатын уақыты мен қандай да бір сыннан өтетін кезеңдегі инвестициялық кейстерді қарастырды, бұған қоса, «Сәтті IPO өткізу үшін халықаралық қаржы аудиторияларымен өзара іс-қимыл жасау», «Корпоративтік басқарудың ұтымды тәжірбиелері» атты баяндамаларды тыңдады.

Бұған қоса, Financial Times қаржылық басылымының дамушы нарықтар бойынша редакторы Джеймс Кинж жекешелендіру стратегиясы бойынша баяндама жасады.

Сонымен қатар, конференция кезінде «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі мен Tengri Partners компаниясының ықпал етуімен «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – ұлттық чемпиондар» бағдарламасы аясындағы қатысушылармен кездесу өткізілді.

Қазақстандық жеке компаниялардың өкілдері отандық нарықтағы IPO өткізу, әсіресе, АХҚО жаға бирждасының мүмкіндіктері, қазақстандық компаниялардың алғашқы рет акцияларының орналастыруына қатысты дайындық жұмыстарын жүргізу туралы ақпараттар алды.

Қазақстандық компаниялардығ отандық қор нарығына шығуы компаниялардың өсіміне, және инвестициялық тартымдылығына әсер етеді.

Жергілікті қор нарығын құру – АХҚО-ның негізгі стратегиялық бағыттарының бірі. Қазақстан капитал нарығын құру елге қосымша шетел инвестициясын тартып, ұлттық экономика өсімін тездетеді. Оның үстіне капитал нарығы банк саласына балама бола алады.

Ақпарат үшін

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

FTI Consulting. Ұйымдарға өзгерістерді басқару, тәуекелді оңайлату, қаржылық, заңдық, операциялық, саяси, нормативтік, бедел және транзакциялық мәселелерді шешу бойынша маманданған Халықаралық тәуелсіз консалтингтік компания. FTI Consulting барлық бизнес-цикл бойынша, оның ішінде тіуекелді басқару, даңғдарыс кезіндегі реакция секілді қызметтерді көрсетеді.

The Bank of New York Mellon – инвестициялық менеджмент, инвестициялық қызмет, капиталды басқару саласындағы әлемдік лидер. Кең көлемдегі интеграция, тәжірбиесінің арқасында компаниялар мен жеке тұлғаларға әлем бойынша капитал нарықтарында сәтті жұмыс істеуге көмектеседі.