Баспасөз үшін

17/04/2017

ҚР Үкіметінде АХҚО бойынша Комиссия құрылды

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының мәселелері жөніндегі Комиссия құрылды. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативті-кеңесші орган болады.

Комиссияның жұмыс органы ҚР Қаржы министрлігі.

Комиссияны ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Мәмин А.Ұ. басқарады. Комиссия құрамына ҚР Қаржы министрі Сұлтанов Б.Т., АХҚО Басқарушысы Келімбетов Қ.Н., және министрліктер, Астана қаласы Әкімшілігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ өкілдері кіреді.

Комиссияның мақсаты үздік әлемдік тәжірбиені, оның ішінде ағылшын құқығының қағидаттары қолданылатын, жеңілдікті салық салынатын және тәуелсіз қаржылық соты бар тәжірбиені ескере отырып, «Астана» халықаралық қаржы орталығының табысты қызметін қамтамасыз етудің салааралық және ведомствоаралық мәселелері бойынша міндеттерді іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Жаңадан құрылған Комиссияның негізгі мақсаттарының бірі Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тартуды және қаржы орталығы базасында көрсетілетін қаржылық қызметтерді дамытуды ынталандыратын нормативтік құқықтық актілер және өзге де құжаттамаларды әзірлеу.

 

Ақпарат:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.