Баспасөз үшін

19/05/2017

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) делегациясы Ислам Даму Банкінің (ИДБ) 42-ші жыл сайынғы жиналысына қатысты

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Басқарма Төрағасы және ИДБ Басқарушысының міндетін атқарушысы Нұрлан Құсайыновтың басқаруымен АХҚО делегациясы Ислам Даму Банкінің (ИДБ) Сауд Арабиясы Корольдігі, Джидда қаласында өткен  42-ші жыл сайынғы жиналысына қатысты.

Жыл сайынғы жиналыста ИДБ Басқарушылары банктің қызметі туралы есепті тыңдап, ИДБ тобының даму барысына қатысты мәселелерді талқылады.

Бұған қоса, іс-шаралар барысында АХҚО делегациясы ИДБ вице-президенті Саед Ика, ИДБ тобының Ислам зерттеу және оқу институты (IRTI), Ислам жеке секторды дамыту корпорациясы (ICD), Халықаралық ислам сауда-қаржылық корпорациясы (ITFC) секілді еншілес компанияларының басшыларымен кездесті.

Осы жиындардың аясында тараптар Қазақстанның экономикасын дамытуға бағытталған, аймақтық экономикалық және қаржылық интеграцияның тереңдеуі және Қазақстан мен ИДБ арасындағы ынтымақтастық пен әрі қарайғы серіктестік жайында талқылады.

ИДБ Қазақстан экономикасына 2020 жылға дейін 300 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартпақ.

ИДБ Басқарушысының Қазақстандағы Офисінің рөлін АХҚО атқармақ, ол ИДБ мен оның еншілес компанияларының Қазақстанның мемлекеттік және жеке құрылымдарымен арадағы ынтымақтастықты арттырып, ИДБ-мен өзара іс-қимыл, оның ішінде ислам қаржыландыруы индустриясын дамыту бойынша үйлестіру жұмыстарымен айналыспақ.

 

 

Ақпарат үшін:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

 

Ислам Даму Банкі (ИДБ) халықаралық қаржы институты, 1973 жылы Сауд Арабиясының Джидда қаласында өткен Ислам Мемлекеттері Министрлерінің Алғашқы конференциясында арнайы Декларациясы бойынша Ислам Конференциясы Ұйымының 23 мүше-елдерінің қатысуымен құрылған.  1975 жылы 20 қазанда жұмысын бастаған. ИДБ мақсаты өзіне мүше елдердің  және мұсылмаш қауымдастықтарының экономикалық дамуы мен әлеуметтік дамуына Шариат принциптеріне сай ықпалдасу. Құрамына 57 ел кіреді, ТМД елдерінен Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжкістан, Түркіменстан, Өзбекстан елдері бар.

Қазіргі күні ИДБ Қазақстанның ислам қаржыландыруы индустриясын дамыту бойынша негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі. ИДБ Тобы транспорт, энергетика, ауыл шаруашылығы, ауылдық елдімекендер мен шикізаттық емес өнеркәсіп, ғылым мен технологияның дамуына, экономиканың әртараптандырылуына, қаржы секторы мен аймақаралық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.