Баспасөз үшін

29/05/2017

«Астана» Халықаралық Қаржы орталығы (АХҚО) Қаржы қызметтерін реттейтін Комитеті құрылды

Бүгін «Астана» Халықаралық Қаржы орталығы (АХҚО) Қаржы қызметтерін реттейтін Комитеті Директорлар Кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Жиын барысында Комитеттің АХҚО-ның тәуелсіз қаржы реттеушісі қызметін атқаруын қамтамасыз ететін негізгі басқарушылық шешімдер қабылданды, сонымен қатар, АХҚО қатысушыларын тіркеу, аккредитациялау мәселелері бойынша актілер қаралды.

Директорлар Кеңесі құрамына қаржы саласы мен қаржы нарықтарын реттеу бойынша тәжірбиесі мол халықаралық деңгейдегі жоғарғы кәсіби мамандар – Анжела Найт, Ұлыбританияның банкирлер Қауымдастығының бұрынғы басшысы, Грегори Танзер, IOSCO ұйымының бұрынғы бас директоры, Масуд Ахмед, Ғаламдық даму орталығының Президенті, Акаш Дип, Гарвард университетінің аға лекторы, Иен Савиль, Еуропалық Орталық Банк консультанты, осындай мамандар енді.

Директорлар Кеңесі Комитеттің ең жоғарғы органы, ол Атқару органын, жалпы басшылықты қадағалап және стратегиялық бағыттарды айқындап отырады.

Ақпарат үшін:

 

Қаржы қызметтерін реттейтін Комитет (Astana Financial Services Authority (АФСА) қаржы қызметін реттеп отыратын АХҚО-ның органдарының бірі. Негізгі мақсаты АХҚО аумағында қаржы жүйесінің тұрақтылығына жауап беру және АХҚО алаңқайында ашықтық, әділеттілік, тиімділік принциптері бойынша қаржы нарықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету. АФСА өз қызметін IOSCO, IAIS, BIS секілді белгілі халықаралық ұйымдар реттеген халықаралық талаптарға және қаржы нарықтары мен қажы қызметтерін қадағалау және реттеу саласындағы мықты халықаралық тәжірбиеге сай жұмыс істейді.

 

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.