Баспасөз үшін

08/06/2017

«Астана» Халықаралық Қаржы орталығы мен Шанхай Қор Биржасы Акционерлік Келісімге қол қойды

Бүгін Қытай Халық Республикасы Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Республикасына жасаған мемлекеттік сапары және Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі аясында«Астана» Халықаралық Қаржы орталығы (АХҚО) мен Шанхай Қор Биржасы (ШҚБ) АХҚО Биржасы капиталына қатысу бойынша Акционерлік Келісімге қол қойғанын хабарлады.

АХҚО мен ШҚБ арасындағы ынтымақтастық «Астана» Халықаралық Қаржы орталығының «Жібек Жолының экономикалық белдеуі» ғаламдық бастамасының аясындағы аймақтық қаржы орталығына айналуға бағытталған.

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов «АХҚО биржа индустриясындағы әлемдік лидерлердің бірі – Шанхай Қор Биржасымен арадағы ынтымақтастықты қолдайды. ШҚБ жоғарғыликвидтік капитал нарығын дамытудағы тәжірбиесі АХҚО Биржасына тиімді болады»,-дейді. Бұған қоса, ШҚБ, акционер және стратегиялық әріптес ретінде АХҚО-ға әлемдік талаптарға сай жоғарғытехнологиялық Биржа құруға ықпал етеді. Нәтижесінде, бұл жергілікті және халықаралық инвесторлар базасын кеңейтуге, Қазақстан мен Орталық Азия аймағының капитал нарығын дамытуға әсер етеді.

Өз кезегінде, Шанхай Қор Биржасының Төрағасы У Цин, АХҚО мен ШҚБ арасындағы стратегиялық ынтымақтастық ҚХР мен Қазақстан арасындағы қаржы саласындағы байланысты арттырып, жаңа инвестициялық мүмкіндіктер бермек.

 

Ақпарат үшін:

 

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

Шанхай қор биржасы (SSE) 

WFE (Биржалардың бүкіләлемдік федерациясы) статистикасына сай SSE соңғы бірнеше жыл көлемінде әлемдегі биржалар арасында алдыңғы орындарда тұр. 2016 жылы SSE нарықтық капитализация бойынша 4-ші орынды алса, акциялар құны бойынша 4- орынды, акциялар арқылы тартылған капитал бойынша 3-орында тұр.