Баспасөз үшін

23/06/2017

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) өзара мақсат туралы Протоколға қол қойды

Бүгін Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) Президенті сэр Сума Чакрабартидің Қазақстан Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесіне қатысуға Астанаға келген сапары аясында ЕҚҚДБ мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) арасында өзара мақсат іс-қимылы бойынша Протоколға қол қою рәсімі өтті.

Бұл жоба АХҚО биржасын құру бойынша АХҚО мен ЕҚҚДБ арасындағы ынтымақтастықты қамтиды.

Қаржы институттары АХҚО мен биржасының дамуына арналған техникалық көмек бойынша жобаны бірге жүзеге асырмақ. Дәлірегінде, АХҚО биржасының ережелері халықаралық талаптарға сәйкес дайындалмақ.

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, ЕҚҚДБ-мен арадағы ынтымақтастық әлемдік инвестициялық қауымдастық тұрғысынан АХҚО биржасының ережелері мен регламенттеріне деген сенімнің кепілі болмақ, себебі, ЕҚҚДБ банк, қаржы жүйесін реформалау, нормативті-құқықтық базаны құрылымдау және корпоративтік басқару бойынша аса бай тәжірибеге ие.

ЕҚҚДБ Президенті сэр Сума Чакрабартидің айтуынша, қол қойылған Протокол 2017 жылдың күзінде іске қосылатын АХҚО биржасының дамуына әсер етіп, АХҚО мен ЕҚҚДБ арасындағы байланысты бекіте түспек.

Ақпарат үшін:

 

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

 

ЕҚҚДБ. Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) 1991 жылы құрылған. ЕҚҚДБ инвестициялары мемлекеттердің нарықтық экономикаға өтуіне көмектесу арқылы экономиканың өсіміне, инновацияның дамуына әсер етеді. ЕҚҚДБ жаңадан құрылған және бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан экономиканың салаларына, кәсіпорындарға, банктерге жобалық қаржыландыру бөлумен айналысады.