Баспасөз үшін

26/06/2017

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов Лорд Вульфпен кездесті

Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов Ұлыбритания Жоғарғы Сотының экс–төрағасы, британдық заң тарихындағы айтулы тұлға Лорд Гарри Кеннет Вульфпен кездесті.

Кездесу барысында Тараптар ағылшын сот ісі бойынша жұмыс істейтін АХҚО Соты мен Халықаралық Арбитраждық орталығының құрылуы мен дамуы бойынша мəселелерді қарастырды.

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша қазір АХҚО 2018 жылы қаңтар айында ашылатын Сот пен Арбитраждық орталыққа қатысты қызу дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Біз жаңадан құрылатын құрылымдардың кадрларын дайындауға мықтап көңіл бөліп отырмыз. «Болашақ» Президенттік бағдарламасы бойынша Лондонға англо-саксон құқықтық жүйесін зерттеу бойынша тəжірбиеден өтуге квоталар бөлінді»,-деді Қ.Келімбетов.

Лорд Гарри Кеннет Вульф АХҚО-да енгізілетін ағылшын құқығы қазіргі белді қаржы орталықтарында жұмыс істейтінін, бұл іс-шараның Қазақстанға, бизнес жүргізудегі ең жоғарғы халықаралық талаптарға жауап беретін ел ретіндегі сенімнің артуына ықпал ететін айтты.

Лорд Вульф Катар қаржы орталығы азаматтық және коммерциялық соттарының Президенті, Гонконгтегі соңғы инстанциядағы Аппеляциялық Сотының судьясы болып қызмет атқарған.

Лорд Вульфтің Астана қаласына жасаған сапары барысында ҚР Əділет министрі, Жоғарғы Сот Төрағасы, Бас Прокурормен кездесіп, Сот пен Арбитраждық Орталық бойынша өзара ынтымақтастық мəселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.

Ақпарат үшін:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

АХҚО Тәуелсіз Соты. «Астана халықаралық қаржы орталығы туралы» ҚР Конституциялық заңының 13 бабына сәйкес, АХҚО Тәуелсіз Соты АХҚО қатысушылары, АХҚО органдары және (немесе) олардың шетел қызметкерлері арасындағы азаматтық, коммерциялық дауды, АХҚО-да АХҚО құқығына тиесілі кез-келген операцияға қатысты дауды, тараптардың келісіміне сай АХҚО сотына берілген дауларды қарастырады.

 

АХҚО сотымен бірге «Астана халықаралық қаржы орталығы туралы» ҚР Конституциялық заңының 14 бабына сәйкес Халықаралық арбитраждық орталығы тараптар арасындағы арбитраждық келісім бар болған жағдайда ең мықты арбитраждық тәжірбие мен тәжірбиелі халықаралық арбитрлардың қатысуымен дауларды қарастыратын болады.