Баспасөз үшін

14/07/2017

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ТМД-дегі блокчейн шешімдерді дамытпақ

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) «Делойт», Waves, Juscutum және «Кесарев Консалтинг» колмпанияларымен бірлесіп, ТМД-дегі блокчейн-шешімдер экожүйесін дамыту мақсатында жұмыс тобын құрды.

«АХҚО финтех салада ең алдыңғы қатардағы реттеу механизмдерін пайдаланып, ашық экожүйені қалыптастыратын ең жағымды юрисдикция құруға талпынады. Біз топтың өзге қатысушыларын блокчейн технологиялары саласындағы реттеу бастамаларын қолдағанына алғыс айтамыз. Келесі кезеңде жұмыс тобы осы саладағы өзге де қызығушылық танытушылардың кеңеюі мүмкіндігін қарастырады»,-деді АХҚО Басқарма Төрағасы Нұрлан Құсайынов.

         Жұмыс тобы криптовалюталық транзакцияларды реттейтін, блокчейндегі жобалар мен криптовалюталар, блокчейн-технологияларды пайдаланатын платформалар құру, Қазақстанның инновациялық дамуы үшін жағымды орта құру, кәсіпкерлер, азаматтар мен үкіметтің арасындағы диалогты орнату, инновациялық технологияларды дамыту, қолдау арқылы елдің инвестициялық климатын жақсарту мақсатында заң шығарумен айналыспақ.

«Әзірше тіпті қолға алынбаған нормативтік ережелерді дайындауға қатысу заңгер үшін өте үлкен абырой. Әсіресе, бұл шараның криптовалютаның алғашқы рет орналасуы секілді – жаңа, жылдам, дәстүрлі құқық үшін қиын процедурада орын алуы тіпті құнды. Біз бұл жобаны әлемдегі криптожобалар үшін жаңа және жағымды юрисдикциясын құрудың мүмкіндігі ретінде қарастырамыз.Біз мемлекет басшылығы мен АХҚО-ның осы жаңа жобаны қолға алуын қолдаймыз, жетістіктердің де көп күттірмейтініне сенеміз»,- деді Juscutum төрағасы Артём Афян.

Соңғы жылдары тез дамығанына қарамастан, криптоэкономиканы реттейтін механизмдер әлі дамымай отыр. Блокчейн жобалар мен криптовалюталардың құқықтық негіздерін бірлестіруге қажетті жағдайдың жасалынуына айтарлықтай сұраныс бар.

Қазір криптоэкономикаға қатысты барлық талапты қажет ететін юрисдикция жоқ. Алайда, Астананың әлемдік нарықтағы осы саладан өз орнын бекітіп, алға қарай қадам жасауына жақсы мүмкіндіктері бар.

«АХҚО-ның блокчейн-технологиялар саласының дамуына жағымды жағдай жасауға назар аударуы қуантады. Бұл үшін жұмыс тобы құрылды. Біздің Waves блокчейн-платформасы да кірген осы жұмыс тобының жетістіктері Қазақстанға жаңа инвесторларды тартып, елдің осы саладағы ең алдыңғы қатардағы елдердің бірі атанатынына сенімдіміз»,-деді Waves негізін құрушысы және бас директоры Александр Иванов.

Бұл ынтымақтастық ICO саласындағы жаңа жобалардың дамуына жағымды жағдайлар жасап, осы мақсатқа жету үшін алдыңғы қатарлы шетел тәжірбиесін пайдалануға әсер етпек.

«Қазақстан криптовалюта жүйесін мемлекеттік деңгейде дамытудың қажеттілігін сезінген Жапониядан кейінгі екінші ел. АХҚО аясында цифрлық валюталар нарығын дамыту – Қазақстанның цифрлық экономикасындағы толық экожүйені құруға деген алғашқы қадам»,-деді «Кесарев Консалтинг» компаниясының серіктесі Наталья Шейко.

Британ құқығы негіздеріне сүйенетін тәуелсіз реттеу жүйесі мен АХҚО аясындағы инновациялық жобаларға деген сынақ аумағы АХҚО-ны әлемнің әртүрлі елінде бастама етіп көтерілген түрлі жобаларды инвесторларды тартуда ерекше артықшылықтарға ие етеді.

«Қазір блокчейн-жобалардың жағымды нормативтік базасын құру маңызды және ол инновациялық экономикалы елдердің негізгі мәселелерінің бірі. Сондықтан біз алдыңғы қатардағы халықаралық тәжірбие саланың терең түсінуіне негізделген, жаңадан құрылған консорциумның бір бөлігі атануымызға қуаныштымыз»,- деді ТМД-дегі «Делойт» компаниясының технологиялық жобаларға заңдық қызмет көрсететін Тобының директоры Артём Толкачёв.

 

Ақпарат:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады. 

 

Компания «Делойт», ТМД — аудит, консалтинг, корпоративтік қаржы, тәуекелді басқару мен салық, құқық саласындағы ақыл-кеңес берумен айналысатын халықаралық ең ірі компаниялардың бірі. Аймақтың 11 еліндегі 19 офисінде 3,4 мың кәсіби тәжірбиесі бар мамандардың көмегіне сүйенеді. 

«Кесарев Консалтинг» — ТМД аумағында мемлекетік органдармен байланыс, қоғаммен байланыс, құқықтық реттеу/саясаткерлермен және мәселелермен басқару бойынша қызмет көрсететін компаниялардың бірі. 

Waves — краудфандинг пен цифрлық криптовалютаны шығарудағы орталықтандырылған платформа. Waves блокчейндегі өзіндік токендермен және активтермен айырбас, сауда, эмиссия жасауға бағытталған. Жобаның негізгі ерекшелігі – пайдаланудағы оңай болуы және жалпылай енгізуге болатындығы. 

Juscutum — украиндық компания, өз клиенттеріне тек ақыл-кеңес беріп қана қоймай, сонымен қатар, олардың мәселелері мен мақсаттары бойынша толық кешенді шешімдер бере алады. Компания корпоративтік, салықтық, IT-медиа құқық, халықаралық кәсіпкерлікті басқару, қызметтік қылмыс пен дау-дамайды шешу салаларында маманданға