Баспасөз үшін

17/07/2017

«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Malaysia Debt Ventures Berhad компаниясы Ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Бүгін «ЭКСПО-52017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) GreenTech Catalyst Sdn Bhd (Малайзия) бірлесіп бір аптаға созылатын семинарды ұйымдастырды. Ислам қаржыландыруы мен жасыл қаржыландыруға арналған семинар Малайзия павильонында 23-шілдеге дейін созылады.

Семинар аясында ислам капитал нарығы мен Малайзияның «жасыл сукук» шығаруға жөніндегі тәжірбиесі, сонымен қатар жасыл және ислам қаржыландыру құралдарының Қазақстандағы даму бағыты туралы кеңінен талқыланады.

Бүгін сонымен қатар, АХҚО мен Malaysia Debt Ventures Bhd Ынтымақтастық Меморандумына қол қойды.

Меморандум аясында Тараптар жасыл және ислам қаржыландыру саласындағы, ислам қаржыландыруы құралдарын пайдалану арқылы «жасыл» жобаларды қаржыландыру бойынша тәжірбие, біліммен алмаспақ.

Ислам қаржыландыруы мен жасыл қаржы АХҚО-ның негізгі бағыттарының бірі.

 

Ақпарат үшін:

 

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

 

GreenTech Catalyst Sdn Bhd. Green Technology Corporation (GTC) қарайтын GreenTech Malaysia Alliances компаниясының еншілес ұйымы. «Жасыл технологияларды» енгізу мақсатында құрылған, бизнесті қаржыландыру, стандарттау бойынша косультациялық және бизнес-қызметтерді ұсынумен айналысады. 

Malaysia Debt Ventures Bhd. (MDV) «жасыл технология» саласындағы малайзиялық компанияларға ислам қаржыландыруы принциптеріне сәйкес қаржылық құралдарды ұсынумен айналысатын компания.