Баспасөз үшін

11/07/2017

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және Англия мен Уэльстің алқалы есепшілері Институты (ICAEW) қаржы технологиялары бойынша форум өткізді

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Англия мен Уэльстің алқа есепшілері Институты (ICAEW) Ұлыбританияның халықаралық сауда Департаментімен бірлесіп, қаржы технологиялары бойынша форум өткізді.

Форумға Лондон Сити-мэрі Эндрю Пармли, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов, бизнес орта өкілдері, сарапшылар қатысты.

Форумның қатысушылары қаржы технологияларының Қазақстанның қаржылық индустриясына тигізетін әсері туралы айтты.

Форум АХҚО, Deloitte, KPMG, PwC, EY, Blockex секілді компаниялардың сарапшыларына, қаржы және блокчейн-технологиялар саласындағы соңғы трендтер мен мәселелер туралы пікірлерімен бөлісуге ықпал етті.

Ұйымдастырушылар Лондонның қаржы экспертизасы мен техникалық таланттарды тарту қабілеті оны қаржы технологиялары орталықтарының көшбасшысы етеді деген пікірлерін айтты.

Ұлыбритания саясаты бйоынша инновацияны қолдауға, оның ішінде жағымды нормативтік орта мен үкіметтік бағдарламаларды құруға маңызды көңіл бөлінеді.

Форум кезінде қаржы технологияларын реттеу, кибер-қауіпсіздік мәселелері және жаңа технологиялардың көрсететін мүмкіндіктері талқыланды.

Форумда айтылған ақпараттарға қарағанда, қаржылық технологиялар уақытқа сай заманауи ғана емес, сонымен қатар, пайдалы екен. Мәселен, биыл Лондон Қор биржасында IPO жасаған Alfa Financial Software компаниясының нарықтық капитализациясы 1,2 млрд фунт.стерлингты құрайды, демек, Ұлыбританияда биыл IPO жасаған компаниялардың ең ауқымды қатарына кірген. Әлемдегі қаржы технологиялары саласында ең үлкен IPO жасаған компания Worldpay ( 2015 жылы қазан айындағы IPO компанияға 2,48 млрд фунт. стерлинг әкелді).

Эндрю Пармлидің айтуынша, Лондон Сити қаржы технологияларын дамыту бойынша АХҚО-ның серіктесі бола алады.

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, АХҚО мен Астана қ.Әкімшілігі «ЭКСПО» көрмесі аяқталғаннан кейін, сол аумақта қаржы технологияларын бірге дамытпақ, бұл ретте мүмкіндіктерді зерттеу бойынша Лондон Ситидің тәжірбиесі өте құба-құп болады».

ICAEW Техникалық мәселелер бойынша Атқарушы директоры Роберт Ходжкинсонның айтуынша, қаржы технологиялары қаржы әлеміндегі ақпарат алу, басқару және қорғану секілді әдістерін өзгертіп жатыр. «Қаржы технологиялары саласындағы өзгерістердің жылдамдығын айтып жеткізе алмайсыз. Бұл жаңа әлемнің артықшылықтары мен қауіпсіздігі – қаржы индустриясы басқарып үйренетіндей жағдайлар. ICAEW мен оның Ұлыбританиядағы көптеген серіктестері шетелдік әріптестерімен бірге өз тәжірбиесімен бөлісуге әзір», –деді ол.

Қаржы технологиялары АХҚО-ның негізгі бағыттарының бірі. Оның мақсаты – қаржы технологиялары жобаларына барынша қолайлы жағдау жасау, әсіресе, инфрақұрылым, ыңғайлы реттеу, стратегиялық инвесторларды тарту.

Ақпарат:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі  –  ағылшын тілі болады. 

 

ICAEW (Англия мен Уэльстің алқа есепшілері Институты) 147 мың дипломдалған бухгалтерлерді қамтитын және қолдау көрсететін әлемдік кәсіби ұйым, бизнес, қаржы, бухгалтерлік есеп, салық саласы, аудит бойыншасапалы кеңес берумен жіне оқытумен айналысады. Техникалық экспертиза бойынша өз білімімен бөліседі, бухгалтерлік және қаржы мамандықтарының интеграциясымен айналысады.Бухгалтерлік есеп пен қаржы, бизнес саласының лидерлері ретінде ICAEW өкілдері жоғары кәсіби стандарттарды қолдау үшін білім мен тәжірбиеге ие. Жеке тұлғалар, ұйымдар, қауымдастықтар және елдердің жетістігі үшін өз үлесін қосады.