Баспасөз үшін

21/07/2017

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен IBM оқу семинарын өткізді

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Ақпараттық технологиялар халықаралық университеті (МУИТ) және Қазақстандағы IBM-мен бірге бір күндік оқу семинарын өткізді.

         Семинардың қатысушылары негізгі екі тақырып: IBM Bluemix платформасы мен Қазақстандағы блокчейн технологиясы (blockchain technology) мәселелерін талқылады.

         Бірінші семинар кезінде IBM Hybrid Cloud техникалық маманы Роман Бойко архитектуралық шолу, есеп модельдерін, қызмет пен үстеме, сонымен қатар, IBM Bluemix жұмыс жүктемесі туралы айтты.

IBM бөлімдерінің техникалық менеджері Михал Коротко, IBM-нің сервистерін, оның ішінде Интернет, үлкен ақпараттар (big data), жасанды интеллект және блокчейн туралы түсіндірді.

Екінші семинар кезінде қатысушылар ҚР блокчейн технологиялары потенциалын қарастырды. МУИТ жанындағы инновациялық орталықтың блокчейнді зерттеу тобының басшысы профессор Курос Басири, Blockchair жасаушысы және құрылтайшысы Едіге Давлетгалиев Қазақстандағы мемлекеттік және жеке ұйымдардағы жаңа технологиялардың пайдалануы және жұмыс істеп тұрған технологиялардың жақсаруы үшін блокчейн технологиясының қалай пайдаланатындығы туралы пікірлерімен бөлісті.

Қаржы технологиялары АХҚО қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі.

Ақпарат:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі   ағылшын тілі болады.