Баспасөз үшін

17/04/2017

ҚР Үкіметінде АХҚО бойынша Комиссия құрылды

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының мәселелері жөніндегі Комиссия құрылды. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативті-кеңесші орган болады.

12/04/2017

Қазақстан қор нарығына инвестиция тарту мәселелері талқыланды

Бүгін Астанада «Қазақстан қор нарығына халықаралық капиталды тарту» атты халықаралық конференция өтті. Ұйымдастырушылар - «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), BNY Mellon Банкі (Нью-Йорк), FTI Consulting және Kinstellar компаниясы.

05/04/2017

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен Мәскеу биржасы Ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Бүгін Мәскеу биржасы ұйымдастырған Биржа форумы - 2017 аясында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Мәскеу биржасы Басқарма Төрағасы Александр Афанасьев АХҚО мен Мәскеу биржасы арасында Ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

04/04/2017

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен Лугано тауар нарықтары бойынша операциялар Қауымдастығы (Швейцария Конфедерациясы) Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

3-4 сәуірде «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) шақыруымен Лугано тауар нарықтары бойынша операциялар Қауымдастығы өкілдері Астанаға келді.

03/04/2017

«Астана» ХҚО мен Жоғарғы Соттың 15 қызметкері Лондонда жартыжылдық оқуға аттанды

Бүгін ҚР Жоғарғы Сотының ғимаратында Жоғарғы Сот пен «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы қызметкерлерінің Лондон қаласында кәсіби тағылымдамадан өту бағдарламасының тұсаукесері өтті.

28/03/2017

«Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы (АХҚО) халықаралық қаржы орталықтарының эксклюзивті бірлестігіне енді

АХҚО халықаралық қаржы орталықтарының эксклюзивті бірлестігі - Vantage Financial Centres (VFC) құрамына енді. Бұл туралы Милан қаласында өткен Ғаламдық Қаржы орталықтары Индексінің (Global Financial Centers Index (GFCI) 21-шығарылымының ресми тұсаукері кезінде мәлім болды. http://www.longfinance.net/images/gfci/gfci_21.pdf

14/03/2017

Астанада IFN ТМД Форумы өтті

Бүгін «Астана» халықаралық қаржы Орталығы (АХҚО) мен REDmoney Group бірлесіп ұйымдастыруымен IFN ТМД Форумы өтті.

21/02/2017

АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов «Jumore» компаниясының Президенті Лу Хунсянмен кездесті

Бүгін «Астана» Халықаралық Қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов «Jumore» компаниясының Президенті Лу Хунсянмен кездесті.

07/02/2017

IFN ТМД Форумы 2017

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы REDmoney агенттігімен бірлесіп Астанада 2017-жылдың 14-наурызында IFN (Islamic Finance News) ТМД Форумын өткізеді.

16/01/2017

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары аясында осы елдің қаржы институттарымен ынтымақтастық Меморандумдарына қол қойды

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) жасаған ресми сапары аясында БАӘ астанасындағы еркін сауда орталығында болды, онда Абу-Даби Глобал Маркет (АГДМ) Қаржы орталығы мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Ынтымақтастық пен түсіністік Меморандумына қол қойғанын мәлімдеді.

15/12/2016

«Астана» Халықаралық Қаржы орталығы мен Израиль Қаржы ТехнологияларыТобы Ынтымақтастық Меморандумына қол қойды

Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Қазақстанға жасаған іс-сапары аясында «Астана» Халықаралық Қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Израиль Қаржы ТехнологияларыТобы Басқарма Төрағасы Лиор Навон Ынтымақтастық және өзара түсіністік Меморандумына қол қойды.

14/12/2016

Nasdaq «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына қолдау көрсетеді

Nasdaq Inc, АҚШ-тың ірі қор биржасы «Астана» Халықаралық Қаржы орталығымен (АХҚО) бірлесіп екікүндік семинар өткізді. Осы шара аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Б.Ә. Сағынтаев Nasdaq тобымен кездесіп, АХҚО-мен арадағы бірлескен ынтымақтастыққа қатысты шараларды талқылады.

13/12/2016

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және ҚР Энергетика министрлігі Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлар Кеңесінің 2016 ж. 27-мамырдағы пленарлық жиналысында қабылданған жаңа биржалық инфрақұрылымын құру, оның ішінде жер қойнауын игеретін компаниялардың жеке биржалық алаңын құру туралы шешімге сай, бүгін «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және ҚР Энергетика министрлігі Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

12/12/2016

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен «Самұрық-Қазына» АҚ Өзара түсіністік меморандумына қол қойды

Бүгін «Астана» Халықаралық қаржы орталығын құру және дамытудың ҚР Үкіметі бекіткен 2015 ж.30-мамырдағы №393 Қаулыға (2016 ж.8-қыркүйектегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген №530 Қаулыға сай) Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ұлттық банкінің Біріккен іс-жоспарын жүзеге асыру аясында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен «Самұрық-Қазына» (Қор) арасында Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

12/12/2016

«Астана» Халықаралық Қаржы орталығы мен «Қазақстан қаржыгерлері Қауымдастығы» ЗТБ Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Бүгін «Астана» Халықаралық Қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен «Қазақстан қаржыгерлері Қауымдастығы» (ҚҚҚ) Кеңесінің Төрағасы Мағжан Әуезов Астананың халықаралық қаржы орталығы ретіндегі дамуына және Қазақстан Республикасындағы қаржылық индустрияның және соған әсер ететін кәсіби қызметтердің қалыптасуына ықпалдасу бойынша Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

11/12/2016

Қазақстандағы жасыл қаржыландыру талаптарын дайындау бойынша

2016 жылдың 27 мамырында Шетел Инвесторларының Кеңесінің 29-Жиынында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл» экономика саласындағы қатысушыларға жайлы жағдай қалыптастыру және жасыл қаржыландыру құралдары аспаптарын дамыту қажеттігін айтқан еді.

07/12/2016

«Астана» Халықаралық қаржы Орталығының делегациясы іс-сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне, Катар мемлекетіне және Бахрейн Корольдігіне барды

4-6 желтоқсан аралығында АХҚО делегациясы халықаралық қаржы орталықтарының озық тәжірибелерін зерделеу және олармен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Біріккен Араб Әмірліктеріне, Катар мемлекетіне және Бахрейн Корольдігіне сапар жасады.

30/11/2016

АХҚО, Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі және Астана қаласының Әкімшілігі Ынтымақтастық Меморандумына қол қойды

Бүгін «ASTEX Astana Smart City 2016» Халықаралық көрме-форумының аясында «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы, Ақпарат және Коммуникациялар Министрлігі және Астана қаласының Әкімшілігі Өзара ынтымақтастық туралы үшжақты Меморандумға қол қойды.

18/11/2016

Астанада АХҚО мен ICAEW ұйымдастыруымен Корпоративтік басқару бойынша форум өтті

Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Англия мен Уэлсьтің Алқа бухгалтерлерінің институты (ICAEW) Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігімен бірлесіп Корпоративтік басқару бойынша форум өткізді.

16/11/2016

Астанада белгілі жазушы Дэниел Ергиннің «TheQuest» кітабының тұсауы кесілді

Бүгін «Астана» Халықаралық қаржы Орталығы (АХҚО) ықпал етуімен белгілі америкалық жазушы, Пулитцер сыйлығының лауреаты Дэниел Ергиннің «TheQuest» кітабы қазақ тіліндегі нұсқасының тұсауы кесілді

11/11/2016

«Астана» Халықаралық Қаржы орталығының делегациясы Оңтүстік Кореяның қаржы институттарымен келіссөздер жүргізді

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Оңтүстік Корея Республикасына жасаған мемлекеттік іс-сапары аясында «Астана» Халықаралық Қаржы орталығының (АХҚО) делегациясы Оңтүстік Кореяның қаржы институттарымен келіссөздер жүргізіп, екіжақты меморандумдарға қол қойды.

09/11/2016

АХҚО делегациясы Жапонияның қаржы институттарымен келіссөздер жүргізді

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 7-9 қараша аралығында Жапонияға жасаған сапары аясында «Астана» Халықаралық қаржы Орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қ.Келімбетов бастаған делегация Жапонияның қаржы институттарымен келіссөздер жүргізді.

04/11/2016

«Астана»Халықаралық қаржы Орталығы (АХҚО) делегациясы Қытай Халық Республикасына (ҚХР) іс-сапармен барды

3-5 қараша аралығында «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов бастаған делегациясы Қытай Халық Республикасына (ҚХР) қаржы институттарымен келіссөздер жүргізуге және жыл сайын өтетін «Lessons as Retrospect and Prospect» конференциясына қатысуға барды.

26/10/2016

АХҚО Сянган АӘА жанынан құрылған Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру Бюросының (IFFO ) Серіктесі атанды

Саянган Арнайы әкімшілік ауданының Қаржы мәселелері жөніндегі хатшысы (Қаржы министрі) Джон Цангтің ү.ж. 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасына жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаласушылықтарды іске асыру мақсатында «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қытай Халық Республикасының Саянган Арнайы әкімшілік ауданының (Гонконг) Ақша айналысы басқармасымен (HKMA) сындарлы әрекеттесуді дамыту бойынша белсенді жұмыс атқаруда.

25/10/2016

«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен жеке секторды дамыту Ислам Корпорациясы Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) делегациясы Сауд Корольдігі Джидда қаласында орналасқан Ислам Даму банкінің (ИДБ) штаб-пәтерінде ИДБ Президенті Д-р Бандар Мухаммед Аль-Хаджармен және Ислам зерттеу және оқу институты (IRTI), жеке секторды дамыту Ислам Корпорациясы (ICD), Халықаралық Ислам сауда-қаржы корпорациясы (ITFC), Инвестиция мен экспорттық несиелерді сақтандырудың Исламдық корпорациясы, Халықаралық вакуф-қор (WWF) секілді ИДБ-ның еншілес компанияларының басшыларымен кездесті.

18/10/2016

АХҚО Лондонда Инвесторлар күнін өткізді

«Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы (АХҚО) TheCityUK, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі, Англия мен Уэльстің алқа есепшілері Институтымен (ICAEW) бірлесіп Лондонда Инвесторлар күнін өткізді.

17/10/2016

АХҚО АҚШ-та кәсіби даму бағдарламасының тұсауын кесті

Нью-Йоркте «Астана» Халықаралық Қаржы орталығы делегациясының (АХҚО) АҚШ-қа жасаған сапары аясында және БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінің қолдауымен АХҚО-ның АҚШ-ғы кәсіби даму бағдарламасының тұсауы кесілді.

15/10/2016

«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Nasdaq Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Нью-Йоркте «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) делегациясының АҚШ-қа сапары аясында АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Nasdaq, Inc Президенті Адена Фридман Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

04/10/2016

ҚР Мемлекет хатшысы Г.Н. Әбдіхалықова АХҚО-ның кәсіби даму бағдарламасының қатысушыларымен кездесті

Бүгін Астана қаласында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов АХҚО қызметкерлері үшін ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында әзірлеген Кәсіби даму бағдарламасының қатысушыларымен кездесті.

30/09/2016

«Астана» Халықаралық қаржы Орталығының делегациясы Индонезияға іс-сапармен барды

28-29-шы қыркүйек аралығында «Астана» Халықаралық Қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов бастаған делегация Индонезия республикасына іс-сапарамен барды. Мақсат – беделді қажы институттарымен арада ынтымақтастық орнату, ислам қаржыландыруы саласында, оның ішінде ислам қаржы технологиялары құралдарын енгізу бойынша тәжірбиемен алмасу.

28/09/2016

«Астана» Халықаралық қаржы Орталығының делегациясы Малайзияға іс-сапармен барды

Исламдық қаржы институттарының қызметін, исламдық бағалы қағаздардың шығарылуы мен айналымын реттеу бойынша нормативтік құқықтық базаны әзірлеу мақсатында АХҚО серіктес елдердің қаржы нарығының қатысушылары және реттеушілерімен, исламдық қаржы саласындағы жаһандық көшбасшылармен ынтымақтастық жасауды белсенді түрде жалғастыруда.

20/09/2016

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы мен Шанхай Қор биржасы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

19-20 қыркүйек аралығында «Астана» Халықаралық Қаржы орталығының (АХҚО) шақыруымен қор биржасын құру және капитал нарығын дамыту мәселелер бойынша тәжірбие алмасу мақсатында және инвестициялық саладағы ынтымақтастықты әрі қарай кеңейту үшін Шанхай Қор биржасы мен Қытай Халық Республикасы Жібек Жолы Қорының бірлескен делегациясы Астана қаласына келді.

14/09/2016

АХҚО Басқарушысы Сянган (Гонконг) Қаржы мәселелері жөніндегі Хатшысы Джон Сангпен және іскер орта өкілдерімен кездесті

Бүгін «Астана» Халықаралық қаржы Орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов Қытай Халық Республикасы Сянган (Гонконг) Арнайы Әкімшілік Ауданы (АӘА) қаржылық мәселелер жөніндегі Хатшы Джон Сангпен кездеседі. Ол Астанаға Сянган АӘА іскер топтарының делегациясын басқарып келген.

13/09/2016

АХҚО Басқарушысы Сингапурдың үкіметі мен іскери ортасының өкілдерімен кездесті

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) делегациясы Сингапур Республикасына (СР) жасаған сапары аясында аталған елдің Үкіметінің ресми тұлғалары мен қаржы ұйымдарының басшылығымен келіссөздер жүргізді.

02/09/2016

Ұлыбритания Лордтар Палатасы адам құқықы жөніндегі Біріккен комитетінің мүшесі, лорд Гарри Вульф Қазақстанға келді

үгін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) шақыруымен Ұлыбритания Лордтар Палатасы адам құқықы жөніндегі Біріккен комитетінің мүшесі, құқық ұлықтығы жөніндегі Бүкілпартиялық Парламенттің топ Төрағасының орынбасары Лорд Гарри Вульф Қазақстанға келді.

02/09/2016

«Астана» Халықаралық Қаржы орталығы Гонконг Арнайы әкімшілік ауданы іскер ортасы өкілдерімен келіссөздер жүргізді

1-3 қыркүйек аралығында «Астана» Халықаралық Қаржы орталығының (АХҚО) шақыруымен Қытай Халық Республикасының Гонконг Арнайы әкімшілік ауданы іскер ортасы өкілдерінен құралған делегация қаржы және инвестиция, қаржы технологиялары саласындағы іскерлік қарым-қатынасты құру мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында Қазақстан Республикасына іс-сапармен келді.

31/08/2016

«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Катар қаржы орталығының Реттеу жөніндегі агенттігі Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін Орталық банктің Төрағасы шейх Абдалла бен Сауд Аль-Тани бастаған Катар Мемлекетінің делегациясы «Астана» халықаралық қаржы орталығына (АХҚО) келді. Делегация АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетовпен кездесті, ол қаржы орталығы жұмысының негізгі бағыттары мен өзара ынтымақтастықтың алдағы уақыттағы перспективалары туралы айтып берді.

05/07/2016

4-5 шілде аралығында «Астана» Халықаралық Қаржы орталығының делегациясы Гонконгтегі «Infrastructure Financing Facilitation Office» (IFFO) ашылуы салтанатына және Гонконг ақша айналымы Басқармасымен (HKMA).

«Бір белдеу, бір жол» бастамасының жүзеге асуына байланысты Жібек жолының экономикалық белдеуі аясындағы инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция құятын компаниялар мен корпорацияларға кешенді қаржылық қызмет көрсететін платформаларды ұйымдастыру аса ауқымды түрде дамымақ. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Сянган Үкіметі HKMA аясында осы IFFO офисін ашу жөніндегі шешім қабылдаған.

24/06/2016

«Қаржы-банк саласына арналған қазақ тілінің оқу-әдістемелік және сөздік-анықтамалық кешені» жобасының тұсаукесер рәсімі өтті

Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлесіп «Қаржы банк терминдерінің «қазақша-орысша-ағылшынша» сөздігі, қаржы-банк саласы қызметкерлеріне қазақ тілін деңгейлеп оқытуға арналған оқу құралдары, қызметкерлеріне және қаржылық қызметтерді тұтынушыларға арналған әлемнің ең кең тараған 12 тілін қамтыған банк сериялық тілдескіштердің тұсаукесер рәсімін өткізді.

27/05/2016

«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Еуропа даму және қайта құру банкінің арасында Келісімге қол қойылды

Бүгін Шетел инвесторлары кеңесі аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Еуропа даму және қайта құру банкінің (ЕДҚБ) Президенті Сума Чакрабарти Қазақстанда жасыл қаржы жүйесін дамыту бойынша зерттеулер жүргізу жөнінде Келісімге қол қойды.

27/05/2016

«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен БҰҰ Даму Бағдарламасының Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін БҰҰ Тұрақты Үйлестірушісі және Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) Тұрақты Өкілі Норимаса Шимомура мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

26/05/2016

«Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ

016 жылғы 26 мамырда Астана қаласында «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі Кеңестің алғашқы отырысы өтті.

26/05/2016

«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Bloomberg L.P. өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Бүгін IX Астана экономикалық форумы аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ (АХҚО әкімшілігі) мен Bloomberg L.P. арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

26/05/2016

«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Thomson Reuters Арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою жөнінде баспасөз-хабарламасы

Бүгін Астана экономикалық форумы аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ (АХҚО әкімшілігі) мен Thomson Reuters арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.