«Astana Finance Days» конференциясында жаңа қаржы өнімдерінің іске қосылғаны, жаңа заңнамалық бастамалардың жүзеге асқаны, нарыққа арналған шолулардың жарық көргені және басқа да жаңалықтар жарияланды
2024 жылғы 5-6 қыркүйекте «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) «Astana Finance Days: Инновация. Инвестиция. Серпін» қаржы конференциясы өтті. AFD конференциясы 2018 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді және бүкіл Еуразия өңірінің қаржы саласының жетекші сарапшыларын, инвесторларды және бизнес-көшбасшыларын біріктіретін басты платформа ретінде қызмет етеді.
Биыл 69 елден 4000-нан астам адам қатысты. «Инновациялар», «Инвестициялар», «Серпін», «ХТО: Төреліктегі әйелдер күні», «AIFC Community» тақырыптық бағыттарын қамтитын 38 панельдік сессияға 186 шетелдік және қазақстандық спикер қатысты. Спикерлер мен қатысушылар қаржы секторындағы озық технологияларды, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін және қаржының орнықты дамуға және қоғамдағы оң өзгерістерге әсерін талқылады.
АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров «Қаржы, құқық және даму: өңірдегі инфрақұрылымға инвестициялардың болашағын қалыптастыру» панельдік сессиясында кіріспе сөз сөйлеп, конференцияны ашты. Өз сөзінде ол АХҚО Қазақстанның инфрақұрылымдық жобаларына инвестициялар тартуға арналған тиімді алаңға айналғанын атап өтті. Бұған, оның ішінде «Орта дәліз» жобалары бойынша логистикамен айналысатын АХҚО-дағы ашық компаниялар дәлел бола алады. Алайда ол жаңартылатын энергияны өндіру және елдің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындау үшін көлік-логистика саласына, жасыл инфрақұрылымға инвестициялар мен қаржыландыруды тарту қажеттілігін атап өтті.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің Орталық Азия жөніндегі басқарушы директорының м.а. Хусейн Озхан орта дәлізге кемінде 17,5 млрд еуро инвестиция қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, цифрландыру, тарифтерді сәйкестендіру, кедендік бақылау және т.б. сияқты «жұмсақ» инфрақұрылымды құру қажет.
IFC Оңтүстік Азиядағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік хабының басшысы Моаззам Мекан жеке капиталды жұмылдыру қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ конференция аясында Astana International Exchange биржасы жауапты қаржыландыру өнімдерінің қатарына I-REC (International Renewable Energy Certificate) жаңартылатын энергия сертификаттары енгізілгені туралы жариялады. Бұл сертификат энергияның жаңартылатын көздерден алынғанын растайды және 1 МВт*сағ таза электр энергиясына сәйкес келеді. I-REC-ке әлемдегі барлық ерікті жаңартылатын энергия сертификаттары нарығының 99% тиесілі және 50-ден астам елде жұмыс істейді.
AIX реттеу және комплаенс жөніндегі директоры Евгения Богданова: «AIX-те экологиялық құралдарды (Environmental Instruments) іске қосу орнықты дамуды дәстүрлі қаржы нарықтарына интеграциялау жолындағы маңызды кезең. I-REC сертификаттары сияқты өнімдерді қор нарығымыздың классикалық құралдарымен бірге қосу арқылы біз компанияларға қаржылық тиімділіктерін сақтай отырып, экологиялық мақсаттарына жетуіне көмектесеміз. Бұл бастама біздің үздік әлемдік практикаға сәйкес орнықты дамуды ілгерілетуге деген бейілдігімізді білдіреді. Біз барлық мүдделі қатысушыларды жаңа сауда сегментіне (Environmental Instrument Market) қосылуға шақырамыз және жыл соңына дейін қатысушыларымызбен бірге мақұлданған экологиялық құралдар санаттарында биржалық сауда-саттықты іске қосуды жоспарлап отырмыз».
Басқарушы АХҚО-ның жаңа бастамасы – AIFC Business League іске қосылғанын жариялады. Бизнес-клуб ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін іздеу және жергілікті, халықаралық деңгейде бірлескен табысты жобаларды жүзеге асыру үшін топ-менеджерлерді, компания иелерін, прогрессивті бизнес көшбасшылар мен инвесторларды біріктіреді. Freedom Holding Corp, DNA Payments Group, Halyk Bank, Fonte Capital, WhiteHill Capital, Dasco Consulting Group, Flagman, Yildirim Holding Kazakhstan, Semurg Invest, Kazakhmys Smelting компанияларының басшылары мен топ-менеджерлері осы клубтың мүшелері атанып үлгерді.
АХҚО-ның «Венчурлық студиялар туралы» қағидаларының қабылдануы AFD2024 алаңындағы басты оқиғалардың бірі болды, құжат венчурлық компанияларды құру, стартаптарды қаржылық және қаржылық емес қолдауға қатысты құқықтық айқындылықты белгілеу, нарықтағы кәсіпкерлер мен стартаптардың өзара іс-қимылы үшін заңнамалық базаға айналады.
TechHub Limited (АХҚО) мен Дубай халықаралық қаржы орталығында орналасқан венчурлық студия Truleum Venture Studio Limited арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум АХҚО базасында «Қаржы технологияларының венчурлық студиясын» бірлесіп құруға және іске қосуға бағытталған. Сондай-ақ АХҚО-да алғашқы венчурлық студия тіркелді.
Сондай-ақ АХҚО Tech Hub және White Hill Capital Ltd. арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар стартаптарға арналған бағдарламаны бірлесіп құру және іске қосу, сондай-ақ инновациялық жобаларды қолдау үшін цифрлық шешімдерді әзірлеп, енгізу туралы уағдаласты.
Конференция алаңында АХҚО-да жасанды интеллектті (ЖИ) пайдалану және деректерді қорғау жөніндегі практикалық нұсқаулық таныстырылды. Бұл бастама АХҚО-ның Қазақстанда және одан тыс жерлерде қаржылық қызметтер көрсету үшін қауіпсіз және инновациялық орта құруға бейілділігін атап көрсетеді.
АХҚО юрисдикциясында Чэнду қаласының өңірлік кеңсесі мен Орталық Азиядағы Батыс Қытайдың қаржы орталығы – CDIC International компаниясының ашылғаны жарияланды. Компанияның міндеті – Чэнду қаласының компаниялары мен инвесторлары және Орталық Азия жобалары арасындағы трансшекаралық инвестициялардың өсуіне ықпал ету. Бұдан басқа, Гонконгтың инвестициялық компаниясы – TFI Securities and Futures Limited АХҚО қатысушысы емес аккредиттелген тұлға мәртебесін алды.
AFD аясындағы панельдік сессиялардың бірінде Ислам даму банкінің қолдауымен АХҚО және CSQ Law бірлесіп дайындаған исламдық қаржыландыру жөніндегі елдік есеп таныстырылды. Есепте елдегі исламдық қаржылық қызметтер индустриясының ландшафтына, проблемаларына, мүмкіндіктері мен перспективаларына егжей-тегжейлі талдау жасалған.
Сондай-ақ АХҚО-да Исламдық қаржы және бизнес қауымдастығы салтанатты түрде іске қосылды. Қауымдастық Қазақстанның исламдық қаржы және бизнес индустриясының кәсіби мамандарын, кәсіпкерлерін, ғалымдары мен қатысушыларын біріктіретін алаң болуды көздейді. Оның құрамына Alif Islamic Bank, ITS, Tayyab Finance, Harry Qelm Baabsman, Al Saqr Finance, Tansar Capital, ShariaConsulting AFC, Amanie Advisors Astana, CSQ Law Kazakhstan Branch және Outsource Directors кірді.
АХҚО академиясы Freedom Broker компаниясы мен «Freedom Шапағат» корпоративтік қорының қолдауымен бірегей майнор-бағдарламаларды әзірлеудің басталғанын жариялады. Жоба еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында іске асырылатын болады және қазіргі заманғы қаржылық, экономикалық ландшафттың өзекті сын-қатерлеріне сәйкес келетін 10 мамандандырылған бағытты қамтиды. Майнор-бағдарламаларды іске қосу бакалавриат пен магистратура студенттеріне активтерді басқару, қаржылық технологиялар, қаржы нарықтарын талдау және реттеу, орнықты даму, халықаралық коммерциялық дауларды шешу туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, АХҚО академиясы мен Quantum Management Company Қазақстанда мамандандырылған білім беру бағдарламаларын дамытуға бағытталған меморандумға қол қойды. Тараптар STEM және халықаралық бакалавриат (IB) саласындағы жаңа әдіснамаларды пайдалана отырып, білім беру зерттеулеріне арналған іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыруды және өткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ Quantum TECH School базасында «Қаржыдағы жасанды интеллект» зертханасын ашу жоспарлануда.
Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған білім беру модулі – Tabys Education жаңа қосымшасының іске қосылғаны жарияланды. Tabys Education көмегімен пайдаланушылар қаржы негіздерін және жеке бюджетті тиімді басқаруды үйреніп, инвестиция жасау өнерін меңгере алады.
Қазақстанда алғаш рет АХҚО соты, АХҚО Халықаралық төрелік орталығы ArbitralWomen халықаралық ұйымымен бірлесіп AFD конференциясының алаңында «Төреліктегі әйелдер күнін» ұйымдастырды. Қатысушылар сонымен қатар White & Case LLP (АҚШ) серіктесі және халықаралық төреліктегі танымал сарапшы Кэролин Лэммен кездесіп, сұхбаттасты.
Конференцияның алтын серіктестері – Visa, Freedom Broker, KAZ Minerals тобы, күміс серіктестер – Solidcore Resources, Eurasian Bank, MYD Production, ал қола серіктестер – Eurasian Resources Group (ERG), Allur, Bitfinex Securities және ITS болды. Финтех серіктес – Mastercard.
Анықтамалық ақпарат
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
АХҚО баспасөз қызметі
Айнұр Исабаева
Баспасөз хатшысы
Тел: +7 701 777 65 58
E-mail: [email protected]