Legal Consulting Community Limited
Legal Consulting Community Limited (LCC Ltd.) – 2019 жылдан беру АХҚО юрисдикциясында тіркелген және авторландырылған заң фирмасы. Компанияның бүкіл әлем бойынша клиенттермен 4 жылдық тәжірибесі бар, олар – АХҚО-да бизнес ашу бойынша білікті маман. Компанияның мақсаты – ең аз уақыт шығындарымен және ресурстарды барынша үнемдеумен клиентке бағдарланған қызметті ұсыну. LCC Ltd. заңгерлік және консультациялық қызметтерді ұсынуға лицензиясы бар, сонымен қатар қызмет провайдері ретінде қызмет етеді. LLC Ltd. командасы Қазақстан мен АХҚО-да және Ресей, Бельгия, Франция секілді елдерде бизнес және құқық саласында жұмыс істеп жатқан білікті мамандардан құралған.
Metida Group LLP
Metida Group LLP — заң, салық, корпоративтік қызметтерге және бухгалтерлік есепке, сондай-ақ инвестицияларға маманданған, АХҚО-да тіркелген Көмекші қызмет көрсетуші (Лицензия № AFSA-A-LA-2019-0040). Біз АХҚО Инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасы аясында шетелдік инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетеміз, инвестициялар, инвестициялық визаларды алуға, салық резиденттігін құрылымдауға және заңнамалық талаптарды толық сақтауға көмектесеміз. Біздің команда «Астана» халықаралық қаржы орталығында компанияларды тіркеу, корпоративтік құрылымдау, Due Diligence және қаржылық әкімшілендіру бойынша сараптамалық кеңес ұсынады.
Телефон: +77015147969
Email: [email protected]
Веб-сайт: https://metida.group
AIFC Green Finance Centre Ltd.
AIFC Green Finance Centre Ltd. Астана халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында жұмыс істейтін лицензияланған Ancillary Services Provider (ASP). Компания жасыл қаржыландыру және тұрақты даму саласында консалтингтік қызметтер, сондай-ақ корпоративтік және құқықтық қызметтер көрсетеді. 2019 жылдан бастап Орталық Қазақстанда және өңірде тұрақты қаржыландыру мен ESG қағидаттарын дамытуға ықпал етіп келеді. Қазақстандағы тұрақты қаржы құралдарының шамамен 70%-ы Орталықтың қатысуымен верификацияланған. Орталық сондай-ақ қаржылық кеңес беру қызметтерін ұсынады, оның ішінде жобаларды халықаралық биржаларда орналастыруды сүйемелдеу, Қазақстан Республикасы Үкіметімен инвестициялық кЕлісімдерді қолдау және қаржы институттарынан қаржыландыру тарту.
Phone: WhatsApp and Telegram + 7 702 822 37 24;
Email: [email protected]
KD LEGAL
KD LEGAL — Астана халықаралық қаржы орталығы нормативтік-құқықтық базасы мен корпоративтік ортасына қатысты мәселелер бойынша терең маманданған бутик-консалтингтік компания.
Біз негізінен шетел азаматтарына АХҚО аясындағы көші-қон және визалық мәселелер бойынша, соның ішінде қолданылатын АХҚО визалық режимдері мен байланысты реттеуші талаптар жөнінде консультациялық қолдау көрсетеміз.Сонымен қатар, KD LEGAL АХҚО аясындағы корпоративтік циклдің барлық кезеңдері бойынша кешенді қолдау көрсетеді, оның ішінде компанияларды тіркеу және лицензиялау, тіркеуден кейінгі корпоративтік сүйемелдеу, ағымдағы реттеуші талаптарды сақтау, қайта құрылымдау және тарату мәселелері бар.Бутик-фирма ретінде біз клиентке бағдарланған практикалық тәсілді ұстана отырып, АХҚО аясында қызмет жүргізетін бизнес пен жеке тұлғаларға бейімделген әрі сенімді шешімдер ұсынамыз.Телефон: +7 747 666 74 74
Электрондық пошта: [email protected]
Вебсайт: www.kdlegal.kz
OD Consulting Ltd.
OD Consulting Ltd. — 2020 жылдан бері АХҚО юрисдикциясында қызмет атқарып келе жатқан жетекші консалтингтік компания. Біз АХҚО нарығына шығатын және оның шеңберінде қызмет жүргізетін компанияларға кешенді құқықтық, реттеушілік және операциялық қолдау көрсетеміз. Біздің жоғары білікті мамандардан құралған командамыз күрделі әрі стандартты емес міндеттерді шешуде мол тәжірибеге ие және нақты әрі сенімді шешімдерді ұсынады. Қызметтерімізге АХҚО-да компанияларды тіркеу, AFSA-да қаржылық қызметтерді лицензиялау процесін сүйемелдеу, Astana Hub-та тіркелуге қолдау көрсету, AIX биржасында листинг мәселелері бойынша консультациялар беру, редомициляция, комплаенс бойынша реттеушілік есептілік және мәмілелерді құрылымдау кіреді. OD Consulting АХҚО экожүйесінде елеулі практикалық тәжірибеге ие, оның ішінде: АХҚО-да тіркелген 200-ден астам компания; басқарудағы 50-ден астам компания; алынған 20-дан астам реттелетін лицензия. Компания сондай-ақ капитал нарығындағы мәмілелерді сүйемелдеу тәжірибесіне ие, соның ішінде: тіркелген облигациялық бағдарламалар бойынша 1,04 млрд АҚШ долларынан астам; 2025 жылы AIX арқылы 257 млн АҚШ долларынан астам орналастырулар. Компанияның сараптамасы қаржылық қызметтерді лицензиялау, инвестициялық қорларды құрылымдау, комплаенс-қолдау, корпоративтік басқару және AIX-пен байланысты мәмілелер салаларын қамтиды.
Электрондық пошта: [email protected]
Телефон: +77072334455