АХҚО дегеніміз не
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңіріндегі №1 қаржы орталығы, сондай-ақ инновациялар мен бизнестің өсуіне арналған серпінді хаб
Неге АХҚО
Бизнестің дамуы үшін капитал тартуға көмектесетін, халықаралық стандарттарға негізделген реттеу, берік қаржылық негіз және тәуелсіз сот жүйесі бар орта қажет.
ТОЛЫҒЫРАҚ БІЛУ
Тарих
АХҚО-ның құрылуы
Кілтті стратегиялық бағыттарды анықтау және құқықтық негізді дамыту
АХҚО-ның қалыптасуы
АХҚО үшін шешуші кезең, жаһандық деңгейде танылып, өркендеген іскерлік қауымдастықты қалыптастыру
Тұрақты прогресс
АХҚО: тұрақты, тиімді, инновациялық, клиентке бағдарланған
Біздің ұстанымымыз
Қазақстан экономикасының одан әрі өсуіне ықпал ету мақсатында инвестициялар мен қаржылық инновациялар саласындағы жетекші хабқа айналу.
Инвестициялау мен бизнес жүргізуге арналған бірегей инфрақұрылымды, сенімді юрисдикцияны, тәуелсіз сот пен төрелік қызметтерді ұсыну, сондай-ақ инновацияларды қолдау және қаржы өнімдері мен қызметтері саласын дамыту арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына ықпал ету.
1. Қаржы қызметтері саласында қолайлы жағдайлар жасай отырып, Қазақстан экономикасына инвестициялар тартуға көмектесу.
2. Қазақстандық бағалы қағаздар нарығын халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялай отырып дамыту.
3. Қазақстанда сақтандыру, банк қызметтері, исламдық қаржыландыру, қаржы технологиялары, цифрлық активтер, электрондық коммерция және инновациялық жобалар нарығын дамыту.
4.Үздік халықаралық практикалар негізінде қаржылық және кәсіби қызметтерді дамыту.
5. Қаржы орталығы ретінде халықаралық танылу.
Дамуға ұмтылыс – болашаққа көрегенділікпен аяқ басып, кемелдікке талпыныс.
Жаңашылдық – тапқырлық, мәселелерді тиімді шешу қабілеті және инновацияларды енгізуге ұмтылыс.
Әділдік – ашықтық, этикалық қағидаттарды ұстану және айқындық.
Табандылық – нәтижеге ұмтылыс, өз міндеттері мен шешімдері үшін есеп бере білу және нақты өлшенетін көрсеткіштерге қол жеткізу.
Жаһандық мәртебе
Бізге қосылыңыз және соңғы жаңалықтардан хабардар болыңыз!
Осы пішінді жіберу арқылы сіз біздің шарттармен келісесіз Құпиялылық саясаты.