«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Тамақ өнеркәсібі халықаралық ислам қауымдастығымен (IFPA) Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық жобаларына исламдық қаражат тарту саласында ынтымақтастық орнатпақ

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Басқарма төрағасы Ернұр Рысмағамбетов. АХҚО Инвестициялар бойынша директоры Джеймс Мартин мен Тамақ өнеркәсібі халықаралық ислам қауымдастығы Бас директоры Аса мәртебелі Шейх Билал Хан мырза «Astana Finance days 2021» аясында Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық жобаларына исламдық қаражат тарту саласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Өзара түсіністік туралы меморандум исламдық қаржыландыру саласындағы іскерлік серіктестікті дамытуда тараптар арасында сенімді көрсетіп, қос ұйым арасындағы болашақ ынтымақтастықтың аясын белгілейді. Келісім Ислам Ынтымақтастық Ұйымының 57 елінің нарығына исламдық инвестициялық құралдар, исламдық қаржы, исламдық қор, шариғат бойынша құрылымдау, Сукук листингін тартудың арқасында Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық жобаларының сапалы және тұрақты дамуына қолдау көрсету үшін тараптардың артықшылықтарын айқындайды.

Құжатта инвесторлар мен жобалық компаниялар мен кәсіпорындар секілді ауыл шаруашылық экономикалық жүйесінің барлық қатысушылары үшін іскерлік кездесулер, мамандандырылған шаралар мен оқыту бағдарламаларын өткізуде ынтымақтастық орнатады. Сонымен қатар, бірлескен баспасөз мәлімдемелерін жариялау, мақала жазу мен сұхбат беру, әлеуметтік желіде ақпарат тарату мен бірлескен форум өткізу секілді маркетингтік шараларды да қарастырады. Меморандум бойынша кең нарық үшін «бір терезе» принципін құру үшін АХҚО құрылымдық бөлімшелері мен органдарын тартуды да қарастырады.

Тамақ өнеркәсібі халықаралық ислам қауымдастығы Бас директоры Аса мәртебелі Шейх Билал Хан:

«Біз осы құжатқа қол қойғанымызға қуаныштымыз. Құжат арқылы қос ұйым өзара алдағы үлкен ынтымақтастықтың негізі қаланады. Тиімді серіктестіктің арқасында IOFS бас штаб-пәтері және басты орган G2G және Ислам Ынтымақтастық Ұйымы негізгі мүшесі Қазақстанның жалпы ішкі өнімін ауыл шаруашылық жобалары арқылы өсірудің жоғары әлеуетін пайдалана отырып, біздің көпжақты платформамыз арқылы исламдық қаржыландыру мен исламдық қор түріндегі тікелей инвестиция тартуға мүмкіндік туады».

 

АХҚО Инвестициялар бойынша директоры Джеймс Мартин: 

«Аталған келісім Ислам Ынтымақтастық Ұйымы, соның ішінде Парсы шығанағы елдері, БАӘ, Катар мен Сауд Арабиясының нарығынан инвестиция тартуға жол аша отырып, Қазақстанның мүддесі үшін уақытылы мәліметпен алмасуға және ауыл шаруашылық жобаларын дамыту бойынша ұлттық инвестициялық стратегияны іске асыру мәселесінде үйлесімді жетілдіруге мүмкіндік береді».

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. aifc.zuweb.co

Тамақ өнеркәсібі халықаралық ислам қауымдастығымен (IFPA) Ислам Ынтымақтастық Ұйымының мамандандырылған мекмеесі – Тамақ қауіпсіздігі бойынша ислам ұйымы («IOFS «) қамқорлығымен, «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы оның үлкескер компаниясы ретінде құрылған. Оның мандаты ИЫҰ ішінде, экожүйенің барлық жеке меншік ауыл шаруашылық секторы арасында сауда мен инветсицияға жағдай жасау және ілшгерілету және ИЫҰ/IOFS мүше елдеріндегі геннен қасыққа дейінгі ауыл шаруашылық тізбегін қамтамасыз ету. https://ifpa-iofs.org/