Орнықты дамумен байланысты облигациялар: ESG трансформацияны қаржыландырудың перспективалық құралы

Соңғы жылдары жасыл және орнықты қаржы нарықтарының қарқынды өсуіне қарамастан, климатқа бағдарланған қаржыландыруды қолдау бойынша күш-жігер негізінен «таза жасыл» және «таза жасыл» деп айтуға болатындай іс-шараларға бағытталды, ал парниктік газдар шығарындыларын қарқынды пайдаланатын секторлар мен фирмалар жүзеге асыратын өтпелі қызмет пен инвестицияларды қоса алғанда, бүкіл экономика ауқымында қажет инвестициялардың анағұрлым кең спектріне қолдау көрсету шектеулі сипатта болды, бұл ретте, кейбір секторларға банктік несиелер мен капитал нарықтарына қол жеткізу қиындай түсті. Өтпелі қаржының тиімді саясаты бүкіл экономика ауқымында бұл өтуге қолдау көрсете алады және секторлардың немесе компаниялардың нөлдік шығарындыларға көшуін қолдау үшін олардың қаржыландыруға қол жеткізу қабілетін жақсарта алады.

Әлемдік практикада ESG-қаржыландыру құралдары (жасыл, әлеуметтік облигациялар, орнықтыдамумен байланысты орнықтыдаму облигациялары немесе GSS+ облигациялары) дамуын жалғастыруда, олардың жалпы жылдық жаһандық эмиссиясы 2022 жылы әртүрлі бағалаулар бойынша 860-900 млрд. АҚШ долларына жетті1 . Бұл ретте Climate Bonds Initiative бағалауы бойынша GSS+ облигациялар шығарылымдарының жиынтық көлемі 2022 жылдың соңына қарай 3.7 трлн. АҚШ долл. жетті. Бұл туралы толығырақ есептен оқыңыз.