Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайынғы Жасыл Өсу форумы екінші рет өтті
Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайынғы Жасыл Өсу форумы АХҚО Жасыл қаржы орталығы ұйымдастыруымен екінші рет өтті.
Форумға жасыл қаржы саласындағы 300-ден астам жетекші халықаралық және қазақстандық сарапшы, сарапшылар, саясаткерлер, іскер топтар мен мемлекеттік сектор өкілдері қатысты. Форумда негізгі баяндамаларды Бутан Корольдігінің бұрынғы Премьер-Министрі Церинг Тобгай, Цинхуа университетінің Жасыл қаржыны дамыту орталығының директоры, доктор Ма Цзюнь, Climate Bond Initiative басшысы Шон Кидни, БҰҰ Бас Хатшысының жанындағы жасыл облигациялар жөніндегі кеңесшісі жасады.
АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов форум қатысушыларына сәлемдесу сөзін арнады. Оның айтуынша, АХҚО жасыл қаржы бағытын өз қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Доктор Келімбетов атап өткендей, АХҚО қазіргі уақытта АХҚО Биржасында егемен жасыл облигацияларды қоса алғанда, алғашқы жасыл облигациялардың шығарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік және квазимемлекеттік органдармен ынтымақтасуда.
Ол: «Ислам қаржысы нарығын дамыту аясында біз жасыл исламдық қағаздар, жасыл сукук шығарумен айналысып жатырмыз. Сонымен қатар, АХҚО жаңа жасыл қаржы құралдары қолданылуы мүмкін жасыл жобалар портфелін қалыптастыру үшін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әкімдіктерімен белсенді түрде ынтымақтасуда», – деп атап өтті. Келімбетовтің айтуынша, АХҚО қаржы орталығы бүкіл Орталық Азия өңірінде жасыл қаржы жүйесінің көшбасшысы болуы үшін барлық жағдайды жасады.
2018 жылы басталған Жасыл өсу форумы қазірдің өзінде Орталық Азиядағы жасыл өсу саласындағы жыл сайынғы басты шарасына және әлемнің әр түпкірінен келген жасыл қаржы саласындағы мамандардың кездесу орнына айналды.
Биыл форумға қатысушылар жасыл таксономия, ең қолжетімді әдістер, төмен көміртекті даму және т.б. тақырыптарды талқылайтын болады. Форум аясында сондай-ақ Жасыл қаржы бойынша консультативтік кеңестің отырысы өтеді.
Форум Цинхуа университетімен бірлесіп, Климаттың өзгерістердің акселерациясы жөніндегі Ұлыбритания серіктестігінің (UK PACT) қолдауымен өткізілуде. Форум аясында «Орталық және Оңтүстік Азияның қаржылық жүйесін экологияландыру» жасыл қаржы саласындағы жаһандық көшбасшылық бағдарламаның IV халықаралық семинары өтті. Семинар жасыл қаржы туралы хабардарлықты арттыруға, халықаралық тәжірибе мен озық тәжірибемен алмасуға, Орталық және Оңтүстік Азиядағы жасыл қаржыландыруды дамыту жолындағы кедергілер мен мүмкіндіктерді талқылауға арналған.
Сондай-ақ жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті, онда AIFC GREEN FINANCE AWARDS 2019 марапаттары «Белдеу – Жол» бастамасын «Жасылдану», «Қазақстандағы жасыл қаржы жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Жасыл қаржының жаңа нарықтарын ашқаны үшін» сияқты номинациялар бойынша AIFC GREEN FINANCE AWARDS 2019 сыйлықтары тапсырылды.