АХҚО-да Қазақстан үшін жасыл жобалардың таксономиясы мәселесі талқыланды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) жасыл қаржы орталығының алаңында жасыл таксономияны және Қазақстандағы жасыл қаржыны дамыту үшін заң жобаларын әзірлеуге арналған дөңгелек үстел өтті.

Қазақстанның Жасыл таксономиясын әзірлеу жасыл жобаларды егжей-тегжейлі нақтылау, олардың мазмұны мен «жасыл» дәрежесін анықтау үшін қажет.

Қазақстанның таксономиясын жасау үшін Цинхуа университеті мемлекеттердің экологиялық-климаттық параметрлері бойынша ұқсастығын ескере отырып, Монғолияның таксономиясын бейімдеуді ұсынылды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар осы құжатты кейіннен АХҚО-ның жасыл облигацияларды шығару жөніндегі ережесі деңгейінде қабылдау үшін және қазақстандық жасыл қаржыландыру тәжірибесіне, атап айтқанда ЕДБ-ге инвестициялау және кредит беру саласында енгізу мүмкіндігі туралы талқылады.

Талқылауға АХҚО Басқарушы директоры Айдар Қазыбаев, АХҚО жасыл қаржы орталығының бас директоры Әсел Нұрахметова, ҚР Үкіметінің жобалық кеңсесінің, экология, геология және табиғи ресурстар, энергетика, қаржы, Ұлттық экономика, ҚР Ұлттық Банкі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілігі, халықаралық қаржы институттарының, сондай-ақ үкіметтік емес, ғылыми-зерттеу және қаржы қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Бұдан басқа, күн тәртібінде Қазақстанда жасыл қаржы жүйесін қалыптастырудың құқықтық негіздері, сондай-ақ жасыл қаржы нарығын жандандыру мәселелері өткір тұр: «жасыл» қаржыландыру саласында дефиницияға айқындық енгізу және «жасыл» қаржы құралдарын сәйкестендіру стандарттарын белгілеу маңызды. Осыған байланысты аталған дөңгелек үстел барысында АХҚО ұсынған ҚР жаңа экологиялық кодексіне және жасыл қаржыландыру құралдарын пайдалануда бизнесті экономикалық ынталандыруға бағытталған тиісті НҚА жобалары қаралды.

Жасыл қаржы саласында заңнамалық деңгейде ұғымдық аппаратты сәйкестендіру үшін ҚР жаңа Экологиялық кодексіне ұсынылған «жасыл» қаржыландыру, «жасыл» жобалар, «жасыл» облигациялар, «жасыл» несиелер анықтамаларын енгізу ұсынылды. Бұл ретте, жасыл облигацияларды, жасыл кредиттерді субсидиялау бөлігінде ілеспе нормативтік-құқықтық актілер бойынша қарауға ұсынылған жобалар және тұтастай алғанда, жасыл жобаларды мемлекеттік қолдаудың түрлі нысандарын, оның ішінде банктік пруденциялық реттеу контекстінде, екінші деңгейдегі банктердің инвестициялауына және қаражат беруіне қатысты заң жобаларын заңнамалық-ұйымдық бекіту, жергілікті билік органдарының мандатын кеңейту мәселелері бойынша қарауға ұсынылған жобалар, барлық тартылған мемлекеттік органдар мен құрылымдық ведомствоаралық өзара іс-қимылды аса өзекті және кідіріссіз жандандыруды талап ететін болып белгіленген.

Аталған мәселелерді талқылау және жауапкершілік аймағын бөлу үшін, ең алдымен барлық тартылған мемлекеттік органдар мен ведомстволарды тарта отырып, тұрақты негізде кросс-функционалдық жиналыстарды өткізу үшін ҚР Үкіметінің жобалық кеңсесінің алаңын пайдалану ұсынылды.

Айта кету керек, АХҚО Биржасы жасыл облигацияларды шығару бойынша ережелерді қабылдады. Аталған ережелер АХҚО Биржасында айналысқа рұқсат алу және ақпаратты ашу кезінде жасыл облигациялардың эмитентіне қойылатын талап болып табылатын жасыл жобалардың санаттарын анықтайды. Бұл категориялау жасыл облигациялардың халықаралық қағидаттарына және Climate Bonds Initiative стандартында келтірілген Климаттық облигациялардың таксономиясына негізделген.


 

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. «АХҚО туралы» Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады.

www.aifc.kz

AIFC AI assistant