АХҚО Жасыл қаржы орталығы Қазақстан Республикасында жасыл жобалар таксономиясын қолдану тетігін талқылауға бастамашы болды
«Астана» халықаралық қаржы орталығының «Жасыл қаржы орталығы» (бұдан әрі – Орталық) алаңында Қазақстанда жасыл қаржыны дамыту үшін «Жасыл» таксономияны қолдану тәсілдеріне арналған онлайн-кеңес өтті.
Жасыл жобалар таксономиясының тетігін әзірлеу Қазақстан Республикасында «жасыл» қаржы жүйесін дамыту жолында АХҚО әкімшілігі ұсынған заңнамалық бастамалардың мысалдарының бірі болып табылады. АХҚО-ның жаңа нарықты қолдауға бағытталған жасыл қаржыландыру бойынша бұған дейін ұсынған барлық нормалары Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексінде қабылданды. Экологиялық кодекстің көрсетілген нормаларын іске асыру бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу басталды, оның бірі – сарапшылар мен бизнесті тарту арқылы жүзеге асырылатын «Жасыл» таксономия.
Кеңестің негізгі мақсаты «жасыл» жобалардың Таксономияның бастапқы шектеріне сәйкестігін растау және тәуелсіз бағалау провайдерлерінің рөлін талқылауды қоса алғанда, жасыл экономика саласындағы және одан тыс мемлекеттік ынталандыру бағдарламалары шеңберінде Таксономияны қолдану мүмкіндіктерін талқылау болды.
Күн тәртібінде халықаралық практика мен оның Қазақстанға бейімделуін ескере отырып, ағымдағы жылдың ортасынан басталатын «жасыл» несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін және «жасыл» облигациялардың купондық мөлшерлемелерін субсидиялау схемасы аясында қаржы нарығы субъектілері, қаржылық қолдау уәкілетті агенттіктері, реттеушілер мен жасыл жобаларды тәуелсіз бағалаудың әлеуетті провайдерлерінің «Жасыл» таксономияны қолдануы туралы мәселе болды.
Сондай-ақ, қатысушылардың назарына Орталық бастапқыда халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірлеген және қазіргі кезде «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕҚ (ХЖТжИЖО) жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, жобалардың «жасыл» ретінде жіктеу үшін қол жеткізу қажет болатын жекелеген қызмет түрлері мен активтері кіші секторлары бойынша шектік өлшемшарттар бөлігінде пысықтап жатқан отырған «Жасыл» таксономия жобасы өзі бойынша консультациялардың барысы туралы хабарланды.
Талқылауға Экология, геология және табиғи ресурстар, Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, ҚР Ұлттық Банкінің, «Даму» КДҚ-ның, ЕДБ және жасыл жобаларды сыртқы бағалаудың әлеуетті провайдерлерінің (экологиялық аудит ұйымдары, энергетикалық аудиторлық ұйымдар, сәйкестікті растау жөніндегі органдар, аудиторлық, рейтингтік, консалтингтік, сараптамалық компаниялар және т.б.), «Атамекен» ҰКП-ның, сондай-ақ үкіметтік емес және ғылыми-зерттеу қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында қатысушылар жасыл экономика саласындағы мемлекеттік ынталандыру бағдарламалары шеңберінен тыс Таксономияға сәйкестігін жасыл жобаларды тәуелсіз бағалау талаптарына, тәуелсіз бағалау провайдерлері үшін бірыңғай аккредиттеу орталығының қажеттілігіне, сондай-ақ энергияны үнемдеу және энергетикалық аудит саласындағы ұйымдарды энергия тиімділігі саласындағы Таксономия жобалары бойынша тәуелсіз бағалау провайдерлері ретінде тарту нұсқаларына қатысты ұсыныстар айтылды.
Қатысушылардың ұсынымдарын ескере отырып пысықталған, 2021 жылдың шілдесіне дейін қабылдауға жоспарланған «Жасыл» таксономия жөніндегі ҚР Үкіметі Қаулысының жобасын Орталық тиісті келісу процесі шеңберінде пысықтауға арналған ұсынымдармен бірге ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне жібереді.
Анықтамалық ақпарат
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.
АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді.