Лиссабоннан Владивостокқа дейінгі бизнестің экологиялық бейтараптылығы үшін «жасыл жарық». Еуропалық және еуразиялық сарапшылар «Жасыл мәміле» (The European Green Deal) аясында климаттың өзгеруіне қарсы жүйелі күрес жолындағы технологиялық аспектілерді та
2021 жылғы 3 наурызда «Лиссабон-Владивосток» Бастамасы шеңберінде құрылған Task Force «GreenDeal» («Жасыл мәміле» жөніндегі проблемалық топ) жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Бейнеконференция форматында Австрия, Армения, Германия, Италия, Қазақстан, Ресей, Францияның экология және бизнес саласындағы жиырмадан астам беделді сарапшысы, сондай-ақ «Лиссабон-Владивосток» бастамасын қолдайтын ірі іскери салалық бірлестіктердің өкілдері 2050 жылға қарай климаттың бейтараптылығы және атмосфераға парниктік газдардың шығарылу деңгейін түбегейлі төмендету жолында ЕО мен ЕАЭО іске асыратын іс-шараларды үйлестірудің жалпы тәсілдерін талқылады. Task Force «GreenDeal» жетекшілері Йоханнес Майер (Австрия экология агенттігінің басқарушы директоры) және Эрнесто Ферленги (Еуропалық Бизнес Қауымдастығының энергетика комитетінің төрағасы) ЕО және ЕАЭО компанияларының экологиялық бейтараптылыққа жету үшін жүйелі күреске деген ұмтылысының жолында тұрған жүйелі проблемаларға жасалған шолуды ұсынды. Майер мырза: «Еуропалық Одақтың азаматтары экологиялық таза ортада өмір сүргісі келеді. Біз экологиялық ластануды барынша азайтуды қалаймыз. Бұл ұмтылыстың біз міндетті түрде ескеруіміз тиіс маңызды әлеуметтік аспектісі бар. Мұнсыз ештеңе болмайды», – деп атап өтті. Ферленги мырзаның пікірінше, қоршаған ортаға зиянды азайту бойынша бизнестің алдында тұрған мақсатқа баса назар аударған жөн: «Барлық елдер эмиссияға мониторинг жүргізуі тиіс. Бұл экологиялық бейтараптыққа қол жеткізудегі күрделі, бірақ қажет міндет. Осыдан бастау керек». Іс-шараға «Лиссабон-Владивосток» Бастамасының Басқарма төрағасы Ульф Шнайдер қатысты: «Біздің ортақ экономикалық кеңістік құру туралы бастамамызды планета алдындағы өз жауапкершілігін сезінетін компаниялар қолдады. «Жасыл мәміле» – бұл Еуропалық Комиссия мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы есіктерді ашуы тиіс тақырып», – деді. Отырыста Еуразиялық қайта құру және даму банкі, АХҚО Жасыл қаржы орталығы, «Северсталь», «WILO», «Rehau», «Schneider Electric» және т.б. сияқты ұйымдардың сарапшылары сөз сөйледі. Сарапшылар экологиялық бейтараптыққа қол жеткізу мәселесіндегі жалпы проблемалардың бар екендігін атап өтті, ЕО мен ЕАЭО арасындағы ынтымақтастықтың ықтимал салаларын белгіледі, сондай-ақ бағдарламалық құжатқа (position paper) енгізу үшін негізгі бағыттарды көрсетті.
Task Force «GreenDeal» бағдарламалық құжатының (position paper) таныстырылымын Лиссабонда 2021 жылғы маусымда өтетін «Лиссабон-Владивосток» Бастамасы аясындағы конференцияда өткізу жоспарлануда.
Анықтамалық ақпарат:
«Лиссабон-Владивосток» Бастамасы туралы:
2015 жылы еуропалық іскерлік ортада Еуропалық Одақ (ЕО) мен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында бірыңғай экономикалық кеңістікті – «Лиссабон-Владивосток» бизнес-бастамасын құру идеясын ілгерілету бастамасы пайда болды. Бастаманың негізі бизнес-қауымдастықтың экономикалық интеграцияға және еуразиялық кеңістікте экономикалық өзара әрекеттесуді кеңейтуге деген қажеттілігі болып табылады. Бастама қазірдің өзінде 100-ден астам компанияны, сондай-ақ ЕО мен ЕАЭО-қа мүше 12 елдің ірі іскерлік қауымдастықтарын біріктіреді. 2020 жылы Бастама ұйымдастырушылық тұрғыдан рәсімделіп, өз жұмыс органдарын құрды, оған басқарма және нақты бағыттар бойынша бірқатар сараптамалық жұмыс топтары кірді. Бастаманы насихаттауға және одан әрі ілгерілетуге арналған іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Бастама шеңберінде өткізілетін іс-шаралардың қатысушыларының қатарында басшылар мен бизнес иелері, лауазымды тұлғалар, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығының беделді мүшелері бар.
Анағұрлым толық ақпаратты сайт пен әлеуметтік желілерден табуға болады:
www.lisbon-vladivostok.pro
https://www.linkedin.com/groups/9015642/
Контакт: [email protected]
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.
АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді aifc.kz.