АХҚО Жасыл қаржы орталығы Жасыл инвестициялар қағидаттары (GIP) бойынша 3-ші Пленарлық отырыста Орталық Азияның тәжірибесімен бөлісті

ПЕКИН, 2021 жылғы 14 қыркүйек – “Белдеу және жол” үшін Жасыл инвестициялар қағидаттарының (GIP) үшінші Пленарлық отырысы Бейжіңде гибридтік форматта сәтті аяқталды. 50-ден астам жаһандық қаржы институттары мен ұйымдардың 170-тен астам өкілі жеке немесе виртуалды жүзінде қатысты.

Пленарлық отырыста GIP хатшылығы “Таза нөл дәуіріне кіру” деп аталатын GIP жұмысының барысы туралы екінші жыл сайынғы есепті жариялады. Қатысушылардың бірқатар сауалнамаларға берген жауаптарына сүйене отырып, жылдық есеп GIP-ке қол қойған тараптардың өткен жылы жасыл инвестицияларды қамтамасыз етуде және жасыл басқаруды нығайтуда қол жеткізген маңызды жетістіктерін көрсетеді.

Орталық Азиядағы GIP аймақтық бөлімшесін қабылдайтын АХҚО Жасыл қаржы орталығы аймақтағы қазіргі жағдай туралы өз пікірімен бөлісті. “Өңірлік бөлімше жұмысының бастапқы негізгі элементі жергілікті стандарттарды әзірлеуде және әр елде жасыл қаржыландырудың орталық институттарын құруда немесе тағайындауда әлеуетті арттыру және жергілікті мүдделі тараптарды қолдау болады. Бұл жергілікті ойыншылардың GIP – ті түсінуін қамтамасыз етеді және оны бизнес – деңгейде енгізуге қолдау көрсетеді”, – деді АХҚО Жасыл қаржы орталығының стратегия жөніндегі Директоры Айгүл Құсалиева.

2018 жылдан бастап GIP мүшелігі “Белдеу және жол”бойындағы 15 ел мен аймақтан 40 қол қоюшы мен 12 қолдаушыға дейін кеңейтілді. Бұл қол қоюшылар қазіргі уақытта дамушы елдерге инвестицияланған жеке капиталдың ең үлкен көзі болып табылатын 49 триллион АҚШ доллары көлеміндегі жиынтық активтерді иеленеді немесе басқарады. Соңғы 12 айда GIP мүшелер басқаратын жұмыс топтары әлеуетті арттыру бойынша төрт іс-шараны табысты өткізді және көптеген құралдар мен анықтамалықтарды, оның ішінде озық практика бойынша анықтамалықтарды, тәуекелдерді бағалауға арналған онлайн құралдарды және экологиялық жобалар бойынша деректер базасын әзірледі.

Доктор Ма Джун, GIP Басқарушы комитетінің тең төрағасы және Қытай Қаржы және банк қоғамының жасыл қаржы комитетінің Төрағасы, деді:

“Соңғы үш жылда GIP мүшелерінің ұжымдық күш-жігері мен жасыл инвестициялар үшін әлеуетті құрудағы елеулі прогресі атап өтілді. Болашаққа көз жүгіртсек, GIP мүшелері Париж келісімінің мақсаттарына жету үшін өздерінің амбицияларын кеңейте алады және аймақтық филиалдарды ашып, Белдеу мен Жол бойындағы нақты экономиканы декарбонизациялауды тездетуге көмектесетін тиімді аналитикалық құралдарды жасап, Жаңа Нөлдік Дәуірде ашылған мүмкіндіктерді пайдалана алады деп үміттенеміз”.

АХҚО Жасыл қаржыландыру орталығы 6 қазанда виртуалды форматта жыл сайынғы Дүниежүзілік инвесторлар аптасы аясында ERA (экологиялық тәуекелдерді бағалау құралдары) және GIP экологиялық жобалар деректер базасы бойынша сессия өткізеді.

 

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.

АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.

AIFC AI assistant