АХҚО Жасыл қаржы орталығы Еуразиялық сутегі консорциумын құру идеясын ұсынды

АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бас директоры, Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл жөніндегі АХҚО жобалық кеңсесінің Басшысы Қазыбаев Айдар Қалымтайұлы “Қабырғалар емес, көпірлер салу. Іскерлік Еуразия жаңа шындықта” тақырыпқа арналған VIII Мәскеу халықаралық қаржы-экономикалық форумының пленарлық отырысында сөз сөйледі.

Еуразиялық Ынтымақтастықтың Қаржы-Бизнес Қауымдастығы ұйымдастырған Форумның жұмысына халықаралық даму институттары мен қаржы-экономикалық қауымдастықтардың өкілдері, салалық одақтардың басшылары, жетекші ресейлік және шетелдік компаниялар мен ұйымдардың топ-менеджерлері, экономика және қаржы саласындағы сарапшылар, банк және сақтандыру қоғамдастығының, ЕАЭО, ЕО, БРИКС және ШЫҰ-ға мүше елдердің инвестициялық және коммерциялық құрылымдарының өкілдері қатысты.

К.Н. Келімбетовтің атынан форумға қатысушыларды құттықтай отырып, Айдар Қазыбаев Еуразия аймағы елдерінің күш-жігерін жаңа климаттық күн тәртібінде біріктіру қажеттігін атап өтті. Глазгода өткен Климаттық Саммит үш маңызды векторды белгіледі. Біріншіден, төмен көміртекті дамуды және экономикаларды декарбонизациялауды қамтамасыз ету бойынша барлық қатысушы елдердің бірлескен іс-қимылдары қажет, екіншіден, ең алдымен дамушы нарықтар үшін жасыл технологиялардың, жасыл қаржының қолжетімділігін қамтамасыз ету, үшіншіден, жасыл экономикаға трансформациялауда халықаралық даму институттарының рөлін арттыру қажет.

Осыған байланысты А.Қазыбаев Еуразия елдерінің бизнес-әріптестігі үшін перспективалы нақты бағыттарды ұсынды, оның ішінде “ЖЭК объектілеріне арналған жиынтықтауыштарды өндіру”, “ЕАЭО-дағы төмен көміртекті өнеркәсіптік кооперация (Көмірді байыту, жасыл технологиялар паркі)”, “Парниктік газдарды ұстау және сақтау технологиялары және орман-климаттық жобалар”.

Сондай-ақ, А.Қазыбаев мақсаты “жасыл” сутектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін елдердің ғылыми-технологиялық, қаржылық, өндірістік ресурстарын біріктіру болатын Еуразиялық сутегі консорциумын құру идеясын ұсынды.

Астана Халықаралық Қаржы Орталығының артықшылықтары туралы айта келе, Айдар Қазыбаев орталық алаңында “ESG-клуб” құруды ұсынды.

АХҚО инновациялық жобалар үшін жақсы платформа болып табылады, оның дәлелі АХҚО-да тіркелген және жұмыс істейтін 60 елдің 1100-ден астам компаниясы болып табылады. Мысалы, биыл бірінші Бірлескен Еуразиялық компания – АХҚО аумағында тіркелген Еуразиялық экспорттық зергерлік бюро құрылды, сондай-ақ басқа да интеграциялық компаниялар құру мәселесі талқылануда.

 

 

 

Анықтамалық ақпарат 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам” Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде ХҚК басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды.

Оған сәйкес АХҚО пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды білдіреді.

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, “АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады” .www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетедіwww.gfc.aifc.kz

 

AIFC AI assistant