АХҚО Жасыл қаржы орталығы ESG қаржыландырудың жаңа трендтерін атады
АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бас директоры, Айдар Қазыбаев, «Мәскеу өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер (жұмыс берушілер) конфедерациясы» Өңірлік жұмыс берушілер қауымдастығы ұйымдастырған ESG, тұрақты даму және әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері бойынша Дөңгелек үстелге қатысты және «ESG – бизнестің жаңа стандарттары» сессиясында баяндама жасады.
Айдар Қазыбаев қазіргі уақытта бизнес ESG стандарттарын ескере отырып, экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік бағыттарды белсенді түрде дамытып жатқанын атап өтті. Адам денсаулығы мен қоршаған орта қалпына келтірудің үлкен бөлігі болып табылатындықтан, пандемия бүкіл әлемде ESG тәжірибелерінің қабылдануын жылдамдатты.
А.Қазыбаев дөңгелек үстелге қатысушыларды ТМД-дағы 2016 жылдан бері осы бағытта жұмыс істеп келе жатқан жалғыз компания – АХҚО Жасыл қаржы орталығымен таныстырды. Орталық Париж келісіміне қол қойылғаннан кейін ТМД мемлекеттерінде бірінші болып Жасыл қаржыландыру стандарттарына сәйкес (ICMA) таксономияны әзірледі.
Тек соңғы бір жылдың ішінде Орталықтың көмегімен Қазақстанның қаржы институттары барлығы жеті жасыл және әлеуметтік облигацияларды, сондай-ақ жасыл несиені шығарды. Әлеуметтік облигациялар медициналық оңалту орталықтарын салуға бағытталған.
Қазіргі уақытта Орталық Ресей, Беларусь, Армения және Өзбекстан ұйымдары мен компанияларына жасыл және әлеуметтік қаржыландыру құралдарын енгізу бойынша кеңес береді.
А.Қазыбаев қазіргі уақытта ESG күн тәртібінде компанияларда «ESG офицері» лауазымын құру мәселелері жиі талқыланып жатқанын хабарлады. Осы мәселе бойынша А.Қазыбаев ESG тәжірибесі мәдениетін қалыптастыру жағдайында «ESG офицерінің функцияларын» әрбір банкте және компанияда болатын корпоративтік хатшыларға жүктеген жөн деген пікір білдірді. Корпоративтік хатшы ESG объективі арқылы шешімдерді скринингке алады, осылайша компанияларға ESG бағытын алуға көмектеседі.
Анықтамалық ақпарат
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған.
2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды.
Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.
АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады».
АХҚО Жасыл қаржы Орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат – жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО Жасыл қаржы Орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді.