Қаржылық технологияларды цифрландыру – жаңа қиындықтар мен мүмкіндіктер

Бішкек инвестициялық саммиті аясында (2022 жылғы 8-9 желтоқсан) «Астана» халықаралық қаржы орталығы «Қаржы секторын цифрландыру және қаржылық технологияларды дамыту» панельдік пікірталас ұйымдастырды. Сессияға АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бас Директоры Айдар Қазыбаев модераторлық етті.

Талқылауға Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының банктік және жеке секторларының өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты.

Қатысушылар цифрлық қаржылық инфрақұрылымды дамытудағы халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі, мемлекеттік реттеу, процестердің құны және IT мамандарының тапшылығы сияқты проблемалық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Атап айтқанда, «Бай-Түшүм» банкінің Басқарма Төрағасы Мақсат Ишенбаев халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі мен цифрлық қаржылық қызметтердің дамуы өзара байланысты екенін атап өтті.

«Қырғызстан» Коммерциялық банкінің басқарма басшысы Кубаныч Шатемиров банктің мемлекеттік қызметтерді банктің цифрлық платформасына интеграциялау бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді, сондай-ақ халықтың онлайн форматта қызмет алуға қызығушылығын арттыру үшін қолайлы және жедел жағдайлар жасау қажеттігі туралы пікір білдірді.

Tech Hub Бас Директорының орынбасары Мұтанов Бекжан АХҚО қатысушыларына (стартаптарды қоса алғанда) өз қызметін жүзеге асыру үшін ұсынылатын шарттар (мысалы, ағылшын құқығы және реттеуші финтек-құмсалғышты беру), сондай-ақ IT-салада мамандар даярлау мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Өз кезегінде жаңартылған Бреттон-Вудс комитетінің негізін қалаушы Марк Узан жаһандық экономиканы бөлшектеу тақырыбын қозғады. Сонымен, оның пікірінше, бүгінде жаңа жаһандық үрдістерді – климаттың өзгеруінің салдарымен күресу және жаһандық тізбектердің өзгеруін байқауға болады. Жалпы, жаһандық қаржыландыру форматын өзгерту тек әлемнің дамыған елдерінің әлеуетін ескере отырып, өзімен бірге артықшылықтар да, тәуекелдер де әкеледі.

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту.

Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz

AIFC AI assistant