АХҚО-ның Финтех Хабы Таиландтағы Startup Nation-ге қатысты

Астана Халықаралық Қаржы Орталығының (АХҚО) Финтех Хабы Бангкокта өткізілген стартаптар фестиваліне, Startup Nation-ге қатысты. Іс-шараны Таиландтың Ұлттық инновациялар агенттігі ұйымдастырды.

Іс-шара АСЕАН – да ең ірі түрі болып табылады және әртүрлі  жұмыс салаларының кең ауқымында стартаптарды дамытуға арналған конференциялар мен көрмелерді қамтиды. Жалпы фестивальге 60 000-нан астам адам және 400-ден астам стартап қатысты.

Халықаралық стартап-павильонға қатысу үшін АХҚО-ның Финтех Хабының басшылығымен үш стартап шақырылды. Барлық үш стартаптар бұдан бұрын Visa Everywhere Initiative – осы жылы Орталық Азияда алғашқы рет АХҚО-мен әріптестікте өткен финтех стартаптардың қолдауға арналған Visa ғаламдық бағдарламасының финалистері болды.

TripViator (Visa Everywhere Initiative финалисті) – бұл қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды пайдалана отырып, әлемнің барлық елдерінде турларды, экскурсияларды және іс-шараларды брондауға көмектесетін сауда алаңы. Жеткізуші жүйеге қосылады да бар билеттерді көре алады. TripViator клиенттердің объективті және шынайы пікірлеріне сүйене отырып, білікті және лицензияланған туроператорлар ұсынатын турларды ұсынуға мүмкіндік пен ең жақсы бағаға кепілді беріп, бүкіл әлем бойынша турларды төлеудің қауіпсіз тәсілін қамтамасыз етеді.

Bankmarket (Visa Everywhere Initiative финалисті) – банктерге және банктік емес қаржы мекемелеріне клиенттердің көптеген және күрделі қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жаңа буынның қаржылық маркетплейсі. Bankmarket.uz қаржылық қызметтер мен өнімдердің, жаңалықтар мен қаржылық білім берудің әмбебап дүкенін, робо-кеңесшілер мен чат-боттарды, KYC және қашықтағы клиенттер мен мобильді төлемдерді сәйкестендіруді ұсынады.

Rahmet App (Visa Everywhere Initiative финалисті) ChocoFamily, 2018 жылы 150 млн доллар жалпы түсіммен және Қазақстандағы барлық электрондық сауда нарығының 12,4% қомақты үлесімен Орталық Азия аймағындағы ірі электрондық коммерция холдингі болып табылады. Бұл жетекші финтех-денсаулық сақтау саласында 1 800 сатушымен, 35 000 белсенді клиенттермен жұмыс істейтін компания.

“Мұндай іс-шараның құндылығы тәжірибе алмасу, ой-өрісін кеңейту, әлемге өзі туралы айту мүмкіндігі және пайдалы кеңестер бере алатын сарапшылармен кездесу болып табылады“, – деп Rahmet App директоры, ChocoFamily холдингі серіктесі Нұркен Рзалиев атап өтті.

“Біз АСЕАН аймағындағы ірі стартаптар фестиваліне қатысуға шақыру алганымызға қуаныштымыз. АХҚО біздің финтех стартаптардың мүддесінде Таиландтың Ұлттық инновациялар агенттігімен қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға және Оңтүстік – Шығыс Азия мен Қазақстан арасындағы финтех экожүйесін нығайту бағытында ынтымақтасуға ұмтылады”, – деп атап өтті АХҚО дамыту жөніндегі Директоры Қайрат Қалиев.

Бұдан бұрын, 2019 жылдың мамыр айында Таиландтың инновациялар жөніндегі Ұлттық агенттігінің өкілдері Қазақстан мен Таиланд арасындағы финтех экожүйесің дамыту бойынша әлеуетті ынтымақтастықты талқылау үшін  АХҚО-ның Финтех Хабына келген болатын.

{img} 

Анықтамалық ақпарат

АХҚО. “Астана” Халықаралық Қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестицияларды өсіру үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

AIFC AI assistant