«Astana Finance Days» конференциясында қолма-қол емес экономиканың дамуы мен шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы туралы талқыланды
«Astana Finance Days 2021» халықаралық конференциясы аясында АХҚО Fintech хабы Visa компаниясымен, цифрлық төлем мен инновациялық төлем шешімдері саласындағы әлемдік көшбасшылармен бірлесіп «Орталық Азия елдерінде қолма-қол емес төлем экономикасын дамытуды жеделдету» және «Орталық Азия назарында – шағын және орта бизнесті қолдау» тақырыптары бойынша екі панельді сессия өтті. Сессияларға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан банктерінің топ-менеджерлер мен бизнес өкілдері және сарапшылар қатысты.
Қолма-қол емес төлемдер соңғы екі жылда Орталық Азияның барлық елінде аса қарқынды өсіп келеді. Қазақстан қолма-қол емес төлем жүйелерін белсенді енгізіп жатқан елдердің қатарында. 2021 жылдың I тоқсанында Қазақстандағы қолма-қол емес төлем көлемі 2,2 есе өсіп, 12,5 трлн теңгеге жетті. Оған себеп реттеу саясаты, тұтынушыларға арналған ағарту және ынталандыру жұмыстары, инновациялық төлем жүйелерінің белсенді енгізілуі, соның ішінде мобильді қосымшалар, QR төлемдер және Visa Tap to Phone секілді қолма-қол емес төлемдерге арналған сауда-сервистік шешімдер. Цифрландыруға түткі болған факторлардың бірі COVID-19 пандемиясы. Атап айтқанда пандемия салдарынан қашықтықтан төлем, электронды коммерция, P2P аударымдар және цифрлық эмиссия. Қаржы қызметтерін барынша қолжетімді ететін қаржы технологиясының жаңа шешімдер де цифрландыруға өз үлесін қосты.
Талқылауға қатысушылардың айтуынша, сауда, көлік, мемлекеттік құрылымдарды цифрландыру эколномика мен бизнеске пайдасын тигізіп жатыр. Тұтынушылар өздеріне ыңғайлы Apple Pay және Google Pay, QR код, картадан картаға аудар мен шоттар арасындағы аударымдарды таңдайды. Visa мәліметінше, 10 транзакцияның 8-і қолма-қол емес төлем құралдары арқылы іске асады. Статистикаға сүйенсек, 2021 жылдың алғашқы тоқсанында қолма-қол емес төлем үлесі елдің барлық облысында басым болған.
«Былтырғы жыл көптеген салаға теріс еткен ауыр уақыт болды. Белгісіздік кезінде біздің міндетіміз барлығына үздіксіз, қауіпсіз және сенімді төлемдерді қамтамасыз ете отырып бизнесті, төлем экожүйесін қолдау болды. Сонымен қатар пандемия кезінде және одан кейінгі уақытта жаңа жағдайға бейімделуге көмектесу және цифрлық трансформацияға бейімдеу. Біз мобильді төлемдерді ынталандыру үшін Visa Token Service базасында Pays шешімі, картаны қашықтан қабылдау желілерін кеңейту бойынша Visa Tap to Phone секілді төлем инновацияларын енгізумен шектелмей, бірқатар қаржы технологиялық өнімде ұсынып, тиісті платформалар арқылы микро, шағын және орта бизнеске көмектесуге бағытталған бастамалар көтердік. Атап айтқанда олар: #ПоддержиСвоих и She’s Next. Empowered by Visa», – дейді Visa вице-президент және Орталық Азия мен Әзірбайжандағы өңірлік менеджері Кристина Дорош.
«АХҚО барлық Аорталық Азия, Кавказ және Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін қаржылық хаб екені анық. Өңірдің жоғары әлеуетін есепке алсақ, Astana Finance Days конференциясы әр елдің тәжірибесімен танысуға және диалог құруға тиімді алаңға айналды. Біздің нарықта Visa-мен ортақ мақсатымыз көп. Атап айтқанда инновацияны қолдау және дамыту, қаржы және өзге технологияларды, кәсіпкерлікті, электронды коммерцияны дамыту, сол арқылы Қазақстан мен жалпы өңірдегі инновациялық дамуды жетілдіру. Біз Visa компаниясын Astana Finance Days алаңында стратегиялық серіктес ретінде көруге және бірлесіп ірі ұлттық және халықаралық жобаларды іске асыруға әрқашан қуаныштымыз», – деді АХҚО Әкімшілігі Басқарма Төрағасының орынбасары Қайрат Қалиев.
Шағын және орта бизнес сегментінде атйарлықтай өзгерістер болып жатыр – ШОБ-тың 82%-ы цифрлық бейімделу арқылы өздерінің бизнес жасау жолын өзгертті. Атап айтқанда тауар мен қызметті интернетте ілгерілету және сату, сонымен қатар қашықтан төлем қабылдау. ШОБ-қа қажетті жаңа технология белсенді түрде дамып жатыр. Мәселен, Қазақстан телефонды төлем қабылдау терминалы ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін Visa Tap to Phone технологиясын қабылдауда әлемдік көшбасшыға айналды.
«Шағын және орта бизнесті қолдау – Орталық Азия назарында» панельді сессиясының қатысушылары өңірдегі ШОБ жағдайы мен даму болашағын, микро, шағын және орта бизнесті цифрландыру мәселелерін, электронды коммерцияның даму жағдайын, кәсіпкерлерге арналған жаңа қаржылық өнімдер мен қызметтерді талқылады. Қазақстан мен Орталық Азиядағы әйелдер кәсіпкерлігінің даму перспективасы, қазіргі жағдайы мен тәуекелі де сөз болды.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны басқару жөніндегі кеңестің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды көздейді. https://aifc.kz/
«Fintech Hub LTD.» бұл ғаламдық стартаптар, кәсіпкерлер, корпорациялар, инвесторлар, жетекші сала сарапшылары мен мамандары түйсетін орын. АХҚО-да финтехтың дамуына стартаптарды, корпоративті инновацияларды, венчурлық капитал нарығын, арнайы әзірленген ережелер мен финтех саласындағы өнімдер мен шешімдерді сынақтан өткізуге мүмкіндік беретін бағдарламалар кіреді. Финтех хаб қаржы технологияларын ілгерілету мен қаржы технологиялары экожүйесін құруға, қолма-қол емес төлем мен төлем инновацияларын дамытуға белсенді жұмыс істейді. http://www.fintech.aifc.kz/,
Visa
Visa Inc. (NYSE: V) цифрлық төлем саласында әлемдік көшбасшы. Біздің миссиямыз – әлемді тұтынушыларға, бизнес және экономикаға жоспарлы түрде дамуға мүмкіндік беретін барынша инновациялық, сенімді және қауіпсіз төлем желісі арқылы біріктіру. Біздің жаһандық жаңа технологиялық желіміз VisaNet әлем бойынша сенімді және қауіпсіз төлемді қамтамасыз етіп, секундына 65 000 транзакция жасай алады. Visa компаниясы жедел өсім негізі “connected commerce” саналатын инновацияларға ерекше мән береді. Бұл қосылған кез келген құрылғының төлем жасауға мүмкіндік беруі. Нәтижесінде төлем жүйелері баламалы технологиядан цифрлық технологияға ауысу жеделдемек. Visa коммерцияның трансформациясы үшін өзінің брендін, сарапшыларын, өнімдері мен ауқымын пайдаланады. Қосымша ақпарат алу үшін: usa.visa.com/about-visa, www.visa.com.kz