АХҚО Tech Hub және Mastercard бірлесіп тұрақты даму саласында стартап-шешімдерді іздейтіні туралы жариялады
АХҚО Tech Hub және Mastercard халықаралық төлем жүйесі Astana Finance Days 2022 Халықаралық форумы аясында Mastercard Sustainable Banking Challenge байқауына ТМД елдері мен шетел стартаптарын қатысуға шақырады.
Байқаудың негізгі мақсаттары – қазақстандық банктерге үздік финтех-командаларымен нәтижелі ынтымақтастықты құруға, тұрақты банкингті дамытуға және ESG-тәуекелдердің кең спектрін басқаруға жәрдемдесу.
Байқаудың басты бағыттары – қаржылық инклюзивтілік, оның ішінде қаржылық сауаттылықты арттыру, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жеке кәсіпкерлер үшін шешімдер әзірлеу және т.б.; жасыл банкинг, оның ішінде көміртегі ізін бақылау, қағазсыз банкинг, клиенттердің жасыл әдеттерін дамыту; ішкі үрдістерді автоматтандыруды, киберқауіпсіздікті, антифрод және т. б. көздейтін ішкі тұрақты даму.
«Біз финтех дағдарыстан кейінгі кезеңде тұрақты және инклюзивті ортаны қалпына келтіруді қамтамасыз етуге көмектесе алатынына сенімдіміз. Қоғам, реттеушілер, тұтынушылар және инвесторлар қаржы саласы орнықты дамудың ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттерін шешуде барған сайын үлкен рөл атқарады деп күтеді. Оларға қаржы қызметтеріне тең қолжетімділік, экология және климаттың өзгеруі мәселелері, корпоративтік басқару және әлеуметтік жауапкершілік, ашықтық және есептілік, әртүрлілік және инклюзивтілік жатады. Сондықтан биыл біз осы бағыттарды қолдауға шешім қабылдадық және жарыста өте қызықты ұсыныстар болатынына үміт артамыз», – Орталық Азиядағы Mastercard бас директоры Рафал Трэпка деді.
«Қазақстанның банк секторында ашық инновацияларды дамыту – АХҚО Tech Hub қызметінің басым бағыттарының бірі. Сондықтан біз Mastercard-пен бірге байқау өткізуге қуаныштымыз. Оған қоса, байқау тұрақты банкинг және ESG-бастамалар саласындағы шешімдерге бағытталған. Олар қазір біздің нарықта белсенді түрде қарқын алып келеді және бүкіл елдің орнықты дамуына сөзсіз оң ықпал етеді. Біз осындай маңызды тақырыпты белсенді қолдағаны үшін Mastercard пен байқаудың серіктес банктеріне алғысымызды білдіреміз», – дейді АХҚО Tech Hub төрағасының орынбасары Бекжан Мұтанов.
АХҚО Tech Hub серіктес банктер таңдаған бағыттар бойынша шешімдердің технологиялық скаутингін жүргізеді және банк өкілдерімен және Mastercard сарапшыларымен бірге жаңа тұтынушыларды табу және Қазақстан нарығында сатуды іске қосу мүмкіндігіне ие болатын үздік стартаптарды іріктейді.
Байқауға қатысушылар – стартаптар Mastercard-тың сараптамалық қолдауымен жарыстың бір немесе бірнеше серіктес банктерімен ($10 000 сомасына дейін) жобаны іске қосу, Қазақстан нарығында табысты бастаманы кеңейту, Astana Finance Days 2022 Халықаралық форумы шеңберінде Mastercard сессиясында финалистер-командалардың питчингіне қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Байқаудың серіктес банктері – Eurasian Bank, Forte Bank және Jusan Bank.
Толығырақ ақпаратты және өтінімді мына сілтеме бойынша табуға болады: https://corpfintech.aifc.kz/mastercard_challenge
Анықтамалық ақпарат:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция болып табылады. 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап алаң ретінде шоғырлану болып табылады. www.aifc.kz
АХҚО Tech Hub – Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) бөлімшесі, оның міндеті – Қазақстанда стартап экожүйесін, венчурлік индустрия нарығын, электронды коммерцияны, корпоративтік инновацияларды және жаңа технологиялық бағыттарды (FinTech,GovTech, SatelliteTech, Industry 4.0. және т.б.) дамытуға көмектесу. Халықаралық серіктестермен бірге Tech Hub нарық ойыншыларына қолдау көрсету бағдарламаларын жүргізеді, венчурлік мәмілелерді құрылымдауға және АХҚО юрисдикциясының реттеушісі аясында жаңа финтех шешімдерін сынауға жәрдемдеседі. www.tech.aifc.kz
Mastercard (NYSE: MA) – төлем индустриясында жұмыс істейтін жаһандық технологиялық компания. Біздің миссиямыз – қауіпсіз, қарапайым, технологиялық және қолжетімді транзакцияларды қамтамасыз ету, барлығына және барлық жерде артықшылық беретін цифрлық экономиканы дамыту және нығайту. Қауіпсіз деректер мен желілерді қолдана отырып, серіктестік құрып, шабыттандыратын нәрсеге сүйене отырып, біз адамдарға, қаржы институттарына, үкіметтер мен бизнеске өздерінің ең үлкен әлеуетін жүзеге асыруға көмектесетін инновациялар мен шешімдерді ұсынамыз. Біздің мәдениетіміз және компания ішінде және одан тыс жерде не істейтініміз мораль коэффициентіне сәйкес анықталады (decency quotient, DQ). Біз 210-нан астам ел мен аумақта бизнес жүргіземіз және барлығына баға жетпес мүмкіндіктер ашатын тұрақты әлем құрамыз. www.mastercard.kz